Skip to content
Басты бет » ВҰРО Дүниежүзілік аккредиттеу күніне арналған форумға қатысты

ВҰРО Дүниежүзілік аккредиттеу күніне арналған форумға қатысты

  • by

Ағымдағы жылдың 12 маусымында Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық бас директорының орынбасары Руслан Насырұлы Куспеков Дүниежүзілік аккредиттеу күніне арналған «Аккредиттеу: шағын және орта бизнестің мүмкіндіктерін кеңейту (ШОБ)» тақырыбындағы форумға қатысты.

Форум әкімшілік кедергілерді азайту, сәйкестікті бағалау нәтижелеріне сенімділікті қамтамасыз ету, Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сыртқы нарықтарға қолжетімділігін кеңейту құралы ретінде шағын және орта бизнесті қолдаудағы аккредиттеу мен сәйкестікті бағалаудың рөлі мен маңыздылығын талқылауға арналған диалог алаңына айналды.

Форум соңында Қазақстан Республикасының сапа инфрақұрылымын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін – Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығына арнайы сыйлық табыс етілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *