Skip to content
Басты бет » Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

  • by

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау  және қадағалау комитетінің  «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес Кәсіпорында 2025 жылғы 2 мамырдан бастап 2025  жылғы  17 маусымға дейін келесі бағыттарда жүзеге асырылатынын хабарлайды:

1) кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ішкі талдаудың қамтылу кезеңі – 2024 жылдың 01 мамырынан бастап 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін.

Ішкі талдау шеңберінде жемқорлық тәуекелдерін қоғамдық талқылауы өткізіледі.

Қоғамдық талқылауыға қатысу бойынша ұсыныстар мен өтінімдер «Е-Өтініш» АЖ және rgp_nrcv@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.