Skip to content
Басты бет » Ұлттық лаборатория басшылары мен көшбасшыларын даярлау бағдарламасы (NLLP)

Ұлттық лаборатория басшылары мен көшбасшыларын даярлау бағдарламасы (NLLP)

  • by

Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығының Алматы филиалы «Жұқпалы ауруларды диагностикалау» зертханасының серология бөлімінің бас маманы Серік Қайсанұлы Самарханов іріктеуден сәтті өтіп, Қазақстандағы NLLP 2024-2025 жж, бағдарламасы  бойынша фасилитаторлар қатарына қабылданды. Ол 2023-2024 жаһандық көшбасшы/зертхана менеджері бағдарламасының (GLLP) екінші когортасының түлегі.

Серік Қайсанұлы Самархановқа бағдарламада қатысушыларды оқыту, тәлімгерлік және денсаулық сақтау, ветеринария, қоршаған ортаны қорғау секторларынан қатысушылар арасында коммуникациялар мен ынтымақтастықты дамыту үшін жағдай жасау жөнінде үлкен жұмыс күтіп тұр.  Фасилитатордың рөлі мен жауапкершілігі дайындық әдістемесін, оқу-әдістемелік материалды, дәріс, тест құжаттарын, презентацияны енгізу және қатысушылардың білімін бағалау болып табылады.

Серік Қайсанұлына жаңа және қызықты жұмыста табыс тілейміз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *