2025 жылғы 27-29 қаңтар аралығында «ВҰРО» ШЖҚ РМК бас кәсіпорны мен Алматы филиалы мамандары «TNG Group» ЖШС оқу орталығының ұйымдастыруымен «Өлшеу (сынау) әдістерін верификациялау» тақырыбы бойынша үш күндік офлайн курстан өтті. Оқыту барысында мамандар әрбір зертхана жұмысының ажырамас бөлігі болып табылатын әдістемелерді верификациялаудың маңызды процесін егжей-тегжейлі зерделеді. Валидацияланған әдістерді қолданар алдында әрбір зертхана дәл және сенімді нәтижелерге қол жеткізу қабілетін растау үшін тексеру жүргізуге міндетті. Мамандар дәріскер Салтанат Темірханқызы Кенжібаеваға материалды анық және қолжетімді түсіндіргені үшін, сондай-ақ ұсынылған білімнің жоғары сапасы үшін алғыс білдіреді, бұл оқытуды ерекше нәтижелі етті.


