2024 жылдың 15 қараша күні ҚР АШМ ВБжҚК «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК бас директоры М. А Бердіқұлов ұжымды, кәсіби мереке – Ауыл шарауашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күнімен құттықтады. Ауыл шаруашылығының дамуына қосқан елеулі үлесі мен өз ісіне адалдығы үшін мекеме қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төсбелгілерімен және бас директордың алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, бас директор агроөнеркәсіптік кешенінің Қазақстан экономикасында маңызды орын алатынын атап өтіп, барлық қызметкерлерге олардың еңбегі үшін алғысын білдірді. Бұл марапаттар олардың қажырлы еңбегіне берілген лайықты баға және алдағы уақытта да осы жауапты салада жетістіктерге жете беретініне сенім білдіреді.