2024 жылдың 15-16 қазанында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК, Жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханасының эпизоотиялық мониторинг бөлімінің маманы Г.С Аубакирова және осы зертхананың серология бөлімінің маманы М.И Жаркинбекова, Францияның Монпелье қаласында өткен Еуропалық Одақ пен оның Еуропалық референттік зертханалары Cirad Франция және Siensano, Бельгия ұйымдастырған күйіс қайыратын жануарлардың обасы, нодулярлы дерматит және Рифт-Валли безгегі бойынша өткізілген семинарға қатысты.
Семинарда зертханааралық салыстырмалы сынамалар қорытындысы ұсынылып және осы аталған аурулар бойынша европа елдеріндегі эпизоотиялық жағдайлары және қолданылған вакциналар талқыланды.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.