Ағымдағы жылдың 04-12 қыркүйегінде Корея Республикасының Кимчхон қаласында Жануарлар мен өсімдіктер карантині агенттігінің референттік зертханасы , Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (бұдан әрі-WOAH) қолдауымен жануарлар ауруларын диагностикалау бойынша 11-ші семинар өтті.
«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК-дан «Микроорганизмдер штамдарының ұлттық коллекциясы» зертханасының бас маманы Г.Мусаева және “Жұқпалы ауруларды диагностикалау” зертханасының молекулярлық-биология бөлімінің маманы А. Хасенова қатысты.
Семинарға 7 елден барлығы 11 қатысушы жиналды – Қазақстан, Малайзия, Моңғолия, Филиппин, Шри-Ланка, Тайланд, Сингапур.
Жануарлар мен өсімдіктер карантині агенттігі халықаралық деңгейде танылған ветеринарлық агенттіктердің бірі ретінде WOAH сегіз жануарлар аурулары : бруцеллез, ньюкасл ауруы, созылмалы солу ауруы, құтыру, жапон энцефалиті, аусыл, сальмонеллез және құс тұмауы бойынша референттік зертханаларды басқарады.
Семинардың мақсаты WOAH-қа мүше басқа елдер үшін ғылыми-техникалық дайындықты қамтамасыз ету болды. Семинар WOAH сарапшыларының бірқатар презентацияларын біріктірді.
Семинар соңында қатысушыларға сертификат берілді. Семинар тәжірибе алмасуға, биоқауіпсіздік және зертханалық зерттеулер саласында жаңа білім алуға, қатысушылар арасындағы тақырыптарды талқылауға тамаша мүмкіндік берді.