Skip to content
Басты бет » «ВҰРО» РМК-да  CERT INTERNATIONAL s.r.o халықаралық сертификаттау органының сарапшы-аудиторларымен парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі) ISO 37001:2016 стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификаттық аудит өтті

«ВҰРО» РМК-да  CERT INTERNATIONAL s.r.o халықаралық сертификаттау органының сарапшы-аудиторларымен парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі) ISO 37001:2016 стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификаттық аудит өтті

  • by

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау  және қадағалау комитетінің  «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) 2023 жылға жоспарланған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асыру шеңбері MS ISO 37001:2016 талаптарына сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін әзірледі, енгізді және сертификаттады.

2023 жылдың желтоқсан айында Кәсіпорында CERT INTERNATIONAL s.r.o халықаралық сертификаттау органының сарапшы-аудиторларымен парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі) ISO 37001:2016 стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификаттық аудит өтті.

Аудит нәтижелері бойынша Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі MS ISO 37001:2016 талаптарына сәйкестігі анықталды және сертификаттау органы менеджмент жүйесінің MS ISO 37001:2016 талаптарына сәйкестік сертификаттарын Кәсіпорынға үш тілде беруді ұсынды. № ABMS-1280/A сәйкестік сертификаты халықаралық аккредиттелген сертификаттар базасында тіркелді (www.iafcertsearch.org).a

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *