Skip to content
Басты бет » ҚР АШМ “Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық” ШЖҚ РМК бас директоры «Food quality аnd food safety» халықаралық конференциясына қатысты

ҚР АШМ “Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық” ШЖҚ РМК бас директоры «Food quality аnd food safety» халықаралық конференциясына қатысты

  • by

“Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық” ШЖҚ РМК бас директоры М. А. Бердіқұлов 2023 жылғы 20-22 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін “Food quality аnd food safety” (“Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі”) халықаралық конференциясында баяндама жасады.

М. Бердіқұлов өз сөзінде “Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық” ШЖҚ РМК жануарлардан алынатын шикізаттың тағамдық қауіпсіздігі бойынша мониторингтік зерттеулер жүргізетінін атап өтті. Бұл өнімнің сапасын бақылауды қамтамасыз етіп, қауіпсіздігіне кепілдік береді. Сондай-ақ, ол зертхананың заманауи жабдықтармен жабдықталуы туралы айтты, бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жануарлардан алынатын өнімдерді тұтынумен байланысты аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған күрделі талдаулар мен зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, конференция аясында тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ осы саладағы инновациялық – технологиялық дамуға байланысты мәселелер талқыланды. Іс – шара ғылыми және сараптамалық қоғамдастық, билік органдары, қоғамдық және саяси ұйымдар, бизнес-құрылымдар мен БАҚ арасындағы стратегиялық әріптестікті қалыптастыруға бағытталған.

Конференция аралас форматта өтеді: офлайн және ZOOM платформасында. Конференцияда азық – түлік қауіпсіздігі мәселелеріне, оның ішінде ауыл шаруашылығының тұрақты даму аспектілеріне және осы салада инновацияларды енгізуге қатысты бағыттар бойынша ғылыми секциялар мен дөңгелек үстелдер өтеді.

Конференция – азық-түлік сапасы мен қауіпсіздігі саласындағы ғылыми және сараптамалық қызметті дамытуға ықпал ететін маңызды іс-шара. Мұндай отырыстарға қатысу озық ғылыми тәжірибелермен танысу бөлігінде референттік зертхана үшін маңызды мәнге ие.

Іс-шараны С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті  П. Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетімен бірлесіп ұйымдастырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *