Бүгін, 2023 жылдың 21 шілдесінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Б. Бердалин Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің “Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық” ШЖҚ РМК жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында вице-министр Кәсіпорынның қызметімен, зертхана қызметкерлерімен және өндірістік бөлімдердің құрылымымен, жарақтандырумен және зертханалық зерттеулердің негізгі бағыттарымен танысты.
Вице-министр Кәсіпорынның елдегі ветеринариялық қауіпсіздігі саласындағы маңыздылығын атап өтіп, одан әрі дамыту жөнінде тапсырмалар берді.