Skip to content
Басты бет » Орталық Азиядағы жануарлар денсаулығы желісінің үшінші (ОА ЖДЖ) семинары өтті

Орталық Азиядағы жануарлар денсаулығы желісінің үшінші (ОА ЖДЖ) семинары өтті

2023 жылдың 8-9 маусым аралығында Самарқанд қаласында (Өзбекстан) Еуропа мен Орталық Азияға арналған азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO REU) өңірлік бөлімшесі мен Орталық Азиядағы  Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын қорғау ұйымының (WOAH) Субөңірлік өкілдігі және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық өңірлік бөлімшесінің ынтымақтастығымен ұйымдастырылған,  Орталық Азиядағы жануарлар денсаулығы желісінің  (ОА ЖДЖ) үшінші семинары өткізілді.  

Семинардың мақсаты-ақпарат пен тәжірибе алмасу, зооноздарды қоса алғанда, жануарлардың денсаулығына байланысты аймақтық қажеттіліктерді анықтау және олардың аймақтық сауданы жеңілдету үшін бірлескен шешімі, аймақтың экономикалық дамуына ықпал ету және “Бірыңғай денсаулық” тәсілін қолдана отырып, зооноздық аурулардан адам денсаулығына қауіп-қатерді азайту болып табылады.

Қазақстан тарапынан семинарға ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары С. Б. Төлегенов, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринария саласындағы халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы У.К. Смайылова және  ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің “Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық” РМК                                     бас директорының орынбасары  Р.Н. Куспеков қатысты, осы ретте ол энзоотиялық аурулар бойынша Қазақстан Республикасындағы ағымдағы жағдайы туралы баяндама жасады.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар өңірде зооноздық аурулардың пайда болу қаупін болдырмау және азайту үшін,  Орталық Азия елдерінде ақпарат пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *