Жетекші халықаралық ұйымдар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), АҚШ ауруларын бақылау және алдын алу орталығы (CDC), Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (ECDC), АҚШ қоғамдық денсаулық сақтау зертханалырың қауымдастығы, Біріккен ұлттар ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) және Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (ДЖДҰ) бірлесе отырып адам мен жануарлардың денсаулығына байланысты зертханаларда, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін атқаратын зертханаларда жұмыс істейтін мамандарға, сондай-ақ сол зертханалардың жетекшілері мен басшыларына арналған Ғаламдық бағдарлама (Global Laboratory Leadership Programme, GLLP) әзірледі. GLLP үшін адамдардың, жануарлардың және қоршаған ортаның денсаулығын сақтау және басқа да тиісті салалар секторларында қолданылатын зертхананы басқарудың маңызды құзыреттері бойынша жаһандық консенсусты үйлестіруге және дамытуға бағытталған құзыреттілік моделі негіз болып табылады.
«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК өкілдері – Алматы филиалының «Инфекциялық аурулардың диагностикасы» зертханасының бас маманы Самарханов С.К., маман Койгельдинова Б.А. және «Тамақ өнімдерін талдау» зертханасының бас маманы Омарова А.С. конкурс өту арқылы, Алматы қаласында 2023 жылдың 17-28 сәуір аралығында, ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалында өткен зертханалардың жетекшілері мен басшыларына арналған Ғаламдық бағдарламада, денсаулық сақтау мамандары (медициналық ұйымдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының зертханалары), экология және қоршаған ортаны сақтау мамандарымен бірлесіп қатысты.