Skip to content
Басты бет » «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы біліктілікті арттыру курсынан өтті

«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы біліктілікті арттыру курсынан өтті

Сыбайлас жемқорлық экономикалық өсудің, кәсіпорын мен жалпы елдің дамуына кедергі келтіретін жойқын құбылыс.

Қазақстан ISO Стандарттау бойынша халықаралық ұйымның мүшесі болғандықтан ISO 37001:2016 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі. Талаптар және қолдану жөніндегі Нұсқаулық» стандартын енгізді. Құжат кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы басқару жүйесін құру, енгізу, қолдау, талдау және жетілдіру үшін талаптар белгілейді және ұсынымдар береді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін қолдану сыбайлас жемқорлық көріністеріне байланысты тәуекелдер мен олардың ықтимал салдарын азайтуға бағытталған.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында осы стандартты енгізуге бағыт алды.

Осыған байланысты, жоғары және орта буын басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент бойынша семинарда өз біліктіліктерін арттырды, онда білім алып қана қоймай, сонымен қатар «Стандарттау және сертификаттаудың ғылыми-техникалық орталығы” ЖШС кеңесшісі және аудиторымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында басқарудың қолданыстағы жүйесін пысықтау кезеңдерін талқылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару, жүйедегі көшбасшылардың жауапкершілігі, бизнес-серіктестермен қарым-қатынас, сатып алу, күдік туралы хабарламаларды ынталандыру және т.б. сияқты процестерге назар аударылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *