Басты бет » «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК өкілдері ҚР микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі кеңеске қатысты

«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК өкілдері ҚР микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі кеңеске қатысты

Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік кеңсесінің қолдауымен микробқа қарсы тұрақтылықты эпидемиологиялық қадағалауды іске асыру мәселелерін талқылау бойынша  ведомствоаралық жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес жұмысына ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы А.Жақыпбаев, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК Бас директордың орынбасары Р.Куспеков, «Тағам өнімдерін талдау» зертханасының маманы А.Омарова және ҚР АШМ комитетінің  ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандары, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мамандары, “QazBioPharm”Ұлттық холдингі”микробқа қарсы төзімділікті (тұрақтылықты) тежеу” Жол картасын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Халықаралық мәліметтерге сәйкес, микробқа қарсы тұрақтылық бүкіл әлем бойынша кем дегенде 1,27 миллион адамның өмірін қиған және 2019 жылы 5 миллионға жуық өліммен байланысты қоғамдық денсаулыққа шұғыл жаһандық қауіп болып табылады.

Төзімділіктің дамуы мен таралу қаупімен күресу инфекцияның алдын алуға және микробқа қарсы препараттарды ұтымды пайдалануға бағытталған жедел әрекеттерді қажет етеді.

Екі күн ішінде салааралық үйлестіруді, микробқа қарсы препараттарға тұрақтылықты (МПТ) эпидемиологиялық және эпизоотиологиялық қадағалауды, инфекциялардың алдын алуды және инфекциялық бақылауды, микробқа қарсы препараттарды қолдануды қадағалауды, микробқа қарсы препараттарды ұтымды пайдалануды қоса алғанда, МПТ төзімділікті эпидемиологиялық қадағалаудың ұлттық жүйесін нығайту жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша “Қазақстан Республикасында микробқа қарсы препараттарға төзімділікті (тұрақтылықты) тежеу” Жол картасын өзектендіру ұсынылды және 2023-2027 жылдарға арналған басым қадамдар айқындалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.