2025 жылғы 02 мамырда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ВҰРО» ШЖҚ) Ғылыми кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барсында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне профессор ғылыми атағын алу үшін Мақсат Аманбекұлы Бердіқұловтың кандидатурасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі 2011 жылы 31 наурызда бекіткен №128 ғылыми атақтар беру қағидаларына (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) сәйкес құжаттарды тапсыру қаралды.
Мақсат Аманбекұлы Бердіқұлов – ветеринария ғылымдарының кандидаты (19.05.2006 ж. №0001394 дипломы), ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметте жалпы еңбек өтілі 29 жыл, оның ішінде 4 жыл 6 ай «ВҰРО» ШЖҚ бас директоры қызметін атқарады.
Кандидаттың ғылыми жетістіктері: диссертацияны қорғағаннан кейін жарияланған ғылыми еңбектердің жалпы саны – 127, оның ішінде 31 жұмыс – уәкілетті орган ұсынған басылымдарда, 13 мақала — WEB of Science Core Collection, Clarivate Analytics, Scopus, JSTOR базаларында индекстелетін ғылыми журналдарда және 14 патент алынған. Соңғы 5 жылда 2 оқулық жарық көрді, оның біреуін Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынды (25.06.2023 ж. №6 хаттама), 4 оқу құралы.
Мақсат Аманбекұлы Бердіқұлов 1996 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ғылыми-зерттеу қызметімен белсенді айналысады. Қазіргі уақытта Мақсат Аманбекұлы Бердіқұлов Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің қолдауымен іске асырылатын 2024-2026 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобасының (АР23489181 ЖРН), сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасының (BR24993032 ЖРН) ғылыми жетекшісі болып табылады.
Ол «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалімен және «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.