Басты бет » Елімізде үстіміздегі жылы, яғни  2024 жылдың маусым айында ресми түрде бірнеше мерекелер пайда болды

Елімізде үстіміздегі жылы, яғни  2024 жылдың маусым айында ресми түрде бірнеше мерекелер пайда болды

Елімізде үстіміздегі жылы, яғни  2024 жылдың маусым айында ресми түрде бірнеше мерекелер пайда болды, тиісті бұйрықты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жарияланды. Сол мейрамдардың ішінде мал дәрігерлердің кәсіби мерекесі болып 10 шілде бекітілді. Осы мейрамға орай Алматы облысының аумақтық ветеринариялық инспекция бастауымен Талғар қаласында Алматы облысы бойынша ветеринария мамандары арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға облыстық аумақтық ветеринариялық инспекция мамандары, «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК Алматы филиалының мамандары, Республикалық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК Алматы өңірлік филиалы мамандары және ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы орган қызметкерлері ат салысты.

Спорттық іс-шаралар барысында волейбол, қол-күрес, үстел теннисі және шахмат жарыстарына «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК Алматы филиалының құрама командасы қатысып белсенді өнер көрсетіп жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтсақ, қыздар арасында қол-күресі сайысынан Орал Жұлдыз Мейіржанқызы бас жүлдені жеңіп алса, ал облыстық ветеринар мамандары арасындағы үстел теннисі жарысынан Дүрмекбай Айжан Дүрмекбайқызы бас жүлдеге ие болды.

Аталған спорттық іс-шараларға ВҰРО намысын қорғап қатысқан әріптестерге алғыс айтамыз және бас жүлделі орындарға ие болған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.