Skip to content
Басты бет » Келу ережелері

Келу ережелері

Резиденттер және бейрезиденттердің  ВҰРО келу ережелері

Аталмыш келу ережелері (бұдан әрі Ереже)  Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі  Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің “Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық” ШЖҚ РМК (бұдан әрі – мемлекеттік нысан) ғимараты мен аумағына резиденттер мен бейрезиденттердің келуінің бірыңғай ережелерін  бекіту мақсатында әзірленген.

Негізгі ұғымдар мен белгілеулер:

Бақылау-өткізу пункті  (бұдан әрі – БӨП) – адамдар мен рұқсат етілген көлік құралдарының түрлеріне өту рұқсатын беруге арналған арнайы орын;

Келуші – резидент – мемлекеттік нысанға келуге ниетті немесе келген Қазақстан Республикасының азаматы;

Келуші – бейрезидент – мемлекеттік нысанға келуге ниетті шет мемлекет азаматы;

Мемлекеттік нысанға келу рұқсаты – мемлекеттік нысанға кедергісіз келу үшін орындалуы міндетті бекітілген үдеріс.

Тексеру жүргізу құралдары –  ғимарат(тан)қа әкелуге (алып кетуге) тыйым салынған бұйымдарды анықтау үшін пайдаланылатын  стационарлы немесе қол құралдары  (металл іздегіштер, дозиметрлер, детекторлар және т.б.).

ҚР резиденттерінің мемлекеттік нысанға келу тәртібі

  1. ҚР резиденттеріне мемлекеттік нысанға кіру рұқсаты қысқа уақытқа (бір жұмыс күнінен артық емес) келесі жағдайларда беріледі:

– Келушінің ҚР АШМ ВҚжБК тұлғасындағы өкілетті органнан келу мақсаты, өзі туралы деректемелері және жұмыс орны көрсетілген келуге рұқсат беретін хаттың болуы;

– Келушінің Директордың немесе ол болмаған жағдайда оның орынбасарының атына келу мақсаты, өзі туралы деректемелері және жұмыс орны туралы айтып ауызша немесе жазбаша хабарлауы;

– Келушінің мемлекеттік нысанның белгілі қызметкеріне алдын ала жазылуы, ол өз кезегінде Директордан немесе ол болмаған жағдайда оның орынбасарынан рұқсат алуға міндетті;

– шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, зертхана меңгерушісі, әр түрлі мамандардың қандай да бір жұмыстарды орындау үшін шақыруға өндірістік қажеттілік, Директордың немесе ол болмаған жағдайда орынбасарының рұқсатымен;

– әкімшілік бөлімге келу үшін Келуші-резидентке  жеке куәлігін көрсеткеннен кейін уақытша рұқсат қағазы беріледі.

  1. ҚР резиденттеріне мемлекеттік нысанға ұзақ уақытқа келуге (бір жұмыс күнінен артық) рұқсат келесі жағдайларда беріледі:

– Келушінің ҚР АШМ ВҚжБК тұлғасындағы өкілетті органнан келу мақсаты, өзі туралы деректемелері және жұмыс орны көрсетілген келуге рұқсат беретін хаттың болуы;

– Келушінің Директордың немесе ол болмаған жағдайда оның орынбасарының атына келу мақсаты, өзі туралы деректемелері және жұмыс орны туралы айтып ауызша немесе жазбаша хабарлауы;

  1. Мемлекеттік нысан басшылығы өздері дұрыс деп тапқан өндірістік немесе басқа да жекелеген ғимараттарға ғана келуге рұқсат береді.
  2. Мемлекеттік нысан басшылығы өндірістік немесе басқа да жекелеген ғимараттарға келу рұқсатын Келушінің ҚР АШМ ВҚжБК тұлғасындағы өкілетті органнан келу мақсаты, өзі туралы деректемелері және жұмыс орны көрсетілген келуге рұқсат беретін хат болған жағдайда береді;
  3. Күзет қызметі мемлекет нысан басшылығының жазбаша немесе ауызша рұқсаты болмаған жағдайда аталған тұлғаларды ғимаратқа енгізбейді.
  4. Қорғалатын мемлекеттік нысан қызметі өткізу режим реттеу және тексеру құралдарын қолданады, ғимаратқа кірген және шыққан адамдарды және автокөліктерді тексереді. Тексеру нәтижелері бойынша белгіленген тәртіппен адамдар мен автокөліктерді өткізбейді.
  5. Ұйымға тиісті емес автокөліктерді өндірістік аумаққа енгізу үшін автокөліктің мемлекеттік номері бойынша уақытша рұқсат қағазы беріледі.

Уақытша рұқсат қағазын мемлекеттік нысан басшылығының рұқсатымен хатшы-референт береді.

ҚР бейрезиденттерінің мемлекеттік нысанға келу тәртібі

  1. Мемлекеттік нысанға келу рұқсатын ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті бір рет немесе бірнеше мәрте келу үшін береді және ол белгілі уақыт аралығында ғана қолданылады.
  2. Рұқсат алу үшін Келуші-бейрезидент келу мақсатын, ғимарат атауын, келу уақытын, төлқұжат деректемелерін, ұйымның атауы мен деректемелерін, жұмыс орнын көрсетіп өкілетті орган ведомствосына хат жолдайды. Егер келу мақсатында қандай да бір жұмыстарды орындау көрсетілетін болса, Келуші жұмыс түрлерінің дәл атауын және аталған жұмыспен айналысу құқығын беретін барлық қажетті құжаттамаларды тапсыруы керек.
  3. Келу мақсатындағы хат жоспарланған келу күнінен дейін он төрт жұмыс күнінен кеш емес уақытта жіберіледі.
  4. Өкілетті орган ведомствосы себебін міндетті көрсетпестен келушіге мемлекеттік нысанға келуге рұқсат бермеуі мүмкін немесе келу мақсатымен байланысты басқа да қосымша ақпарат сұратуы мүмкін.
  5. Мемлекеттік нысан басшылығы аталған ережелермен белгіленген тәртіпте өкілетті органмен келісу арқылы келу рұқсатын өз бетінше сұратады.
  6. Мемлекеттік нысан басшылығы өкілетті орган ведомствосының ресми жазбаша рұқсаты болған жағдайда өндірістік және басқа да жекелеген ғимараттарға немесе қорғалатын аумаққа өткізуге рұқсат бермейді немесе қол жетімділікті шектейді.
  7. Мемлекеттік нысан басшылығы рұқсатты тек өкілетті орган ведомствосының ресми жазбаша рұқсатында көрсетілген жекелеген өндірістік және басқа да бөлмелерге ғана береді.
  8. Қорғалатын мемлекеттік нысан қызметі өкілетті орган ведомствосының жазбаша рұқсаты жоқ тұлғаларды өткізбейді.
  9. Қорғалатын мемлекеттік нысан қызметі өткізу режим реттеу және тексеру құралдарын қолданады, ғимаратқа кірген және шыққан адамдарды және автокөліктерді тексереді. Тексеру нәтижелері бойынша белгіленген тәртіппен адамдар мен автокөліктерді өткізбейді.
  10. Әкімшілік бөлімге келу үшін Келуші-бейрезидентке басшылық рұқсатын алғаннан кейін Төлқұжаты бойынша уақытша рұқсат қағазы беріледі және жауапты қызметкер ілесіп жүреді.
  11. Ұйымға тиісті емес автокөліктерді өндірістік аумаққа енгізу үшін автокөліктің мемлекеттік номері бойынша уақытша рұқсат қағазы беріледі.

Уақытша рұқсат қағазын мемлекеттік нысан басшылығының рұқсатымен хатшы-референт береді.

Мемлекеттік нысанға келу кезіндегі негізгі талаптар

  1. Жауапты қызметкер бірге жүрмеген жағдайда мемлекеттік нысанға кіруге тыйым салынады.
  2. Мемлекеттік нысанға жеке куәлігі жоқ келушілерге кіруге рұқсат берілмейді.
  3. Келуші күзет қызметі қызметкерлерінің талап етуі бойынша заттарын тексеруге беруге міндетті.
  4. Мемлекеттік нысан басшылығы Келушілердің қауіпсіздігін максималды қамтамасыз ету керек.
  5. Мемлекеттік нысанға келушілерді күзет қызметі және жауапты қызметкерлер белгілеп отырады.