1 Қолдану саласы және тағайындалуы
Аталған үдеріс жұқпалы ауруларды зертханалық зерттеуге арналған биологиялық материалдар сынамаларына қойылатын жалпы тәртіп пен патологиялық материалдарды алу мен жеткізу талаптарын, серологиялық зерттеулерге арналған қан алудың жалпы талаптарын, қаптау, тасымалдау және жарамсыз сынамаларды алу критерийлерін белгілейді.
Аталған үдеріс ВҰРО «Жұқпалы аурулар диагностикасы» зертханасына сынамаларды қабылдау барысында қолданылады.
2 Үдеріс сипаттамасы
1 Биологиялық және патологиялық материалдарды алу және ВҰРО-ға жеткізу бойынша жалпы талаптар
1 Биологиялық материалдың сынамаларын алуды және оны ветеринариялық зертханаға жеткізуді ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері және “РВЛ” РМК мамандары жүзеге асырады.
1.1 Сынамаларды ветеринариялық зертханаға жеткізу сынамалардың ағуына, кебуіне, ыдырауына және өзара ластануына жол бермеу жөніндегі шараларды сақтай отырып жүзеге асырылады. Сынамаларды тасымалдау процесінде үлгілердің бөгде иістермен ластануын, күн сәулесінің тікелей түсуін болдырмауға, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және температуралық режимді сақтауға бағытталған сақтық шаралары сақталуға тиіс. Іріктелген биоматериал жануар туралы толық ақпаратты (түрі, жынысы, жасы, сәйкестендіру нөмірі немесе аты), сынамалар алынған жануар иесінің толық мекенжайын (шаруашылықтың атауы, ауыл/кент, ауылдық округ, аудан), шаруашылықтың эпизоотологиялық деректерін, болжамды диагнозын, қабылданған шараларды (емдеу) қамтитын ілеспе құжатпен бірге жеткізілуі тиіс және т. б.), сондай-ақ сынамалар алуды жүргізген ветеринариялық дәрігердің күні мен тегі көрсетіледі.
1.2 Сәйкес биологиялық материалдың сынамалары (қан, қан сарысуы, шырыш, зәр, нәжіс, қырындылар, биопсия әдісімен алынған материалдар) жануарлар ауруларының тірі кезінде диагностикасын жүргізу мақсатында алынады.
1.3 Сәйкес патологиялық материалдар сынамаларын жануарлардың, аңдар мен құстардың жұқпалы ауру немесе улануына күдік туындаған жағдайда олардың ауыруы мен қырылуының себептерін анықтау немесе растау мақсатында алады (жаңа өлген жануарлардың патологиялық материалы алынады). Патологиялық материал жануар өлгеннен кейін неғұрлым ертерек алынуы керек әсіресе жылдың жылы мезгілінде, себебі материал шіри бастайды және зерттеу үшін жарамсыз болады. Егер зертханаға патологиялық материалды бір тәулік ішінде жеткізу мүмкін болмаса оны тұмшаланған қалыпта жібереді. Сынамаларды мұздатылған қалыпта жіберу үшін термошабаданға салынған суық элементтер немесе құрғақ мұз пайдаланады. Ұсақ жануарлар мен құстардың өліктерін ветеринарлық зертханаға тұтастай ауа өткізбейтін ыдыста жеткізеді. Ішкі мүшелерден – паренхиматозды мүшелердің (жүрек, өкпе, көкбауыр, бүйрек, бауыр, лимфа түйіндері немесе өтсіз өт қабы) кесектерін залалсыздандырылған қайшылармен кеседі және залалсыздандырылған арнайы қапшықтарда немесе қақпағы тығыз жабылатын шөлмектерде жібереді. Жаңа өліктерден міндетті түрде жіліктерін алады. Бактериологиялық зерттеуге арналған ескіргені анықталмаған патологиялық материалдардан жұлынын алады. Патологиялық материалды жұқпа тасымалдануына жол бермеу үшін сақтықпен тасымалдайды.
1.4 Сұйық патологиялық материалдарды (қан, ірің, зәр, өт, экссудаттар) бактериологиялық және вирустық зерттеулерге аузы дәнекерленіп жабылған пастерленген тамшуырларға салып жібереді, материалды алатын кезде тамшуырдың екі жақ басын фламбирленеді, ал жіңішке ұшын тік бұрыш жасап иіп, сындырады және мүшенің күйдірілген орнына терең енгізеді, материалды тамшуырға сорып алғаннан кейін екі жағын қыздырмай дәнекерлейді. Одан кейін әрбір тамшуырды мақтамен орап сынауыққа салады.
1.5 Сұйық биологиялық материалды (қан, қан сарысуы, лимфа, жұлын сұйықтығы, өт және басқалар) диагностикалық зерттеулердің барлық кешенін жүргізуге мүмкіндік беретін көлемде бір реттік шприцтермен бір реттік пробиркаларға пункция көмегімен алады. Сынауықтарды жануардың сәйкестендіру деректері жазыла отырып таңбалайды.
1.6 Тұтас қан да қан сарысуы секілді алынады, алайда бұл жағдайда антикоагулянт пайдаланылады. Антикоагулянт ретінде трилон Б (EDTA) 3-10% немесе 3% натрий цитратын (лимон қышқылы) 1:10 қатынаста қолданады. Қан сынауықтың ішіне сынауық қабырғасымен ағуын қадағалау керек. Қан алғаннан кейін сынауықты бірнеше рет шайқап, қан мен антикоагулянтты араластырады.
1.7 Зерттеуге арналған жануарлар нәжістерін тік ішегінен алып шығады немесе залалсыздандырылған қысқышпен залалсыздандырылған стақандарға немесе ыдыстар мен сынауықтарға жинап алады.
1.8 Ішектерді тұтастай жібермейді, зақымдалған жерлерін жеке бөліктерге кесіп жібереді. Бөліктерді тазартып, залалсыздандырылған сумен жуады және залалсыздандырылған ыдысқа салып, саңылаусыз жабады.
1.9 Жіліктерді сіңірі мен бұлшықеттерінен мұқият тазартып, ұштарын бүлдірместен тұтастай жібереді.
1.10 Теріні кесектер түрінде (10*10 өлшемде) залалсыздандырылған және саңылаусыз жабылған ыдыста жеткізеді. Сынамаларды терінің құнын түсіретін, неғұрлым зақымданған орындардан алады.
1.11. Топырақ сынамасын топырақ бұрғысымен алады. Зерттелетін аумақты өлшемдері 16 м2 артық емес бөліктерге бөледі. Сібір жарасы қоздырғышымен беттік ластанған деген күдік бар аумақтан топырақ сынамаларын 15 см дейінгі тереңдіктен алады. Мал қорымдары аумағынан алдымен 2-3 см топырақ қабатын алып тастайды, одан кейін 2 м дейін тереңдікте әрбір 25 см сайын топырақ сынамасын алады. Тереңнен алынған және сынама үшін пайдаланылмаған топырақты (3 бөлік) құрамында 25% белсенді хлор болатын (1 бөлік) құрғақ хлорлы әкпен залалсыздандырады. Егер топырақ құрғақ болса, оны аздап ылғалдандырады. Сынама алынған орынды да хлорлы әк ерітіндісімен (5% белсенді хлор) залалсыздандырады.
1.12 Су сынамаларын барометрмен немесе арнайы жабдықталған шөлмекпен алады. Табиғи және жасанды су қоймаларынан су сынамаларын 10-15 метр тереңдіктен және түбінен алады. Жағалай жиектеріндегі табиғи тұнбалар сынамаларын да топырақ сынамасы секілді зерттейді, әрбір сынаманың көлемі 0,5 л кем болмауы керек және жалпы мөлшері 1 л кем болмауы керек. Су құбырынан сынама алу алдында шүмекті ыстық спиртті тампонмен күйдіреді. Шүмекті ашқаннан кейін залалсыздандырылған ыдысқа 0,5 л су жинайды және 10 минут бойы суды ағызып тұрады, одан кейін басқа залалсыздандырылған ыдысқа келесі 0,5 л суды жинайды.
1.13. Ірі жем-шөптердің алғашқы сынамаларын әр түрлі орындардан қайшы және қысқыш көмегімен алады. 4 м2 ауданнан салмағы 40 г кем болмайтын 1 сынама және салмағы 100 г көк масса алады.
1.14 Шұңқырларда (ор) сақталған сүрлемдер сынамаларын топырақ сынамасы секілді алады, ал ордан суырып алғандарды көк масса сынамасы ретінде алады. Зертханаға орташа сынаманы жібереді, оны жақсы араластырылған аталмыш топтамадағы алғашқы сынамалардан алады. Орташа сынама салмағы 500 г. артық болмауы керек.
1.15 Аралас жем-шөп сынамаларын сынамаға арналған құрғақ залалсыздандырылған қысқышпен алады. Әр нысаннан сынама алғаннан кейін (топтама) қысқышты тазартып, үйітуге арналған шам отымен залалсыздандырады. Ыдыстарға салынбаған жем-шөптерден алғашқы сынамаларды 1 сынама (100 г кем емес) 4 м2 бет есебінен алады. Әр топтамадан кем дегенде 5 сынамадан алады. Алғашқы сынамаларды жем-шөптің беткі және терең қабаттарынан және аудан бойымен біркелкі алады.
1.16 Ауырған жануарларға азық берген орындардағы және астаулар мен қорада қалған қалдық жем-шөп сынамалары үлгілерін жеке алады. Алынғам жем-шөптің орташа үлгісін жеке қағазға орап, шпагат жіппен байлайды және жазба жазады.
1.17 Алынған әрбір сынаманы залалсыздандырылған құрғақ шыны ыдысқа салады және залалсыздандырылған қақпақпен жабады. Шпагатпен байланатын полиэтилен қапшықтар пайдалануға болады. Су сынамаларын залалсыздандырылған шыны шөлмектерге құйып, залалсыздандырылған резина тығындармен жабады. Сынамаларды номерлейді (жүн сынамаларын – бума номерімен) және ылғал өткізбейтін ыдысқа қаптайды.
1.18 Сынамалардың қосымша жазбасында зерттеу жүргізу себебі, қандай материал екені және қандай мөлшерде жіберілетінін, материалды алу орны мен күні, жүн және жем-шөп сынамаларын үшін қосымша олардың шыққан жерін, топтама (массасы) көлемін, қаптама түрін, қаптама бірліктерінің санын көрсетеді.
1.19 Зертханаға бірнеше топырақ, жүн және т.б. сынамаларды жіберген жағдайда сынама номері мен олардың алынған орны көрсетілген қосымша жазба жібереді.
1.20 Сынаманы алу мен қаптау барысында жеке профилактика шараларын, бактериологиялық тәжірибеде қабылданған залалсыздық ережелерін сақтап, сынаманы алу және тасымалдау барысында қоздырғыштың шашырауына жол бермеу керек.
- Серологиялық зерттеулерге арналған қан алуға қойылатын жалпы талаптар
2.1 Серологиялық зерттеулерге арналған сарысуын бөліп алатын қанды таңертең малға жем-шөп бермей тұрып алады. Жылқы мен мүйізді ірі қара малдан, түйе, бұғы, қой және ешкілерден қанды мойындырық көктамырынан мойынның жоғарғы үштен бір бөлігінен асептика ережелерін сақтай отырып алады. Қан алған орындағы жүнді қиып, теріні залалсыздандырады. Қан тамшылап емес, сынауық қабырғасымен ағып жиналуы керек. Тамшылап аққан және көпіршіген қан көп жағдайда гемолизденеді және зерттеу кезінде дұрыс нәтиже бермейді. Қанды бір реттік залалсыздандырылған зауыттық шприцпен алғанда оны көпіруіне жол берместен сынауыққа бірден ауыстырады. Қанның жерге тамуына жол беруге болмайды. Бұл үшін залалсыздандырғыш сұйықтығы бар ыдысты пайдаланып, оған қанның алғашқы бөлігін ағызады.
Шошқалардың қанын құлағынан (шприці бар инемен) және құйрығының ұшынан, алдыңғы тамырынан (негізінен арқасынан) немесе көзің көктамырынан алады. Құйрықты алдын ала сабынды сумен жуып, залалсыздандырады. Одан кейін үшін қайшымен кесіп тастайды. Қан алғаннан кейін құйрықтың ұшын залалсыздандырғыш ерітіндімен (йод және т.б.) өңдеп, байлайды немесе күйдіреді.
Мамық жүнді жануарлардан қанды 1-2 мл алады, құстардың қанын қанатының астындағы көктамырдан немесе айдаршасынан алады.
Түлкілер мен ақ түлкілерден қанды жамбас көктамырынан алады, қара күзендерден артқы аяғының ортаңғы саусағын немесе құйрығының ұшының кесу арқылы алады.
Қан сарысуын тұндыру әдісімен алады. Қанды ұйыту және сарысуын тұндыру үшін қан құйылған сарысуды 30-60 минут бойы 20-30°С немесе 37-38 °С температурада ұстайды, қан қойыртпағын қабырғаларынан болат сыммен (құрсау) бөліп алады, әр сынамадан кейін құрсауды спиртшамда ұстайды. Сынауықтарды 4-10°С температурада 20-24 сағат ұстайды. Тұнған сарысуды құрғақ залалсыздандырылған сынауықтарға құйып, тығындарымен жабады және зертханаларға жібереді. Тұмшаланбаған қан сарысуы алынған күннен бастап 6 күн ішінде зерттеу үшін жарамды, бұл үшін ол (4-8С) суықта сақталуы керек.
2.2 Сарысуды сақтау үш әдіспен жүзеге асырылады:
1) химиялық – тек классикалық серологиялық зерттеулерге ғана арналған (агглютинация реакциясы (АР), комплементті байланыстыру реакциясы (КБР), роз бенгал сынама(РБС), комплементті ұзақ уақыттық байланыстыру сынамасы (КҰБС) 0,05 мл (1 тамшы) 5 %-фенол ерітіндісін қосып, 1 мл сынаманы тұрақты араластыру арқылы). Сонымен қатар, құрғақ бор қышқылымен (сарысу көлемінің 2-4%) қаныққан ерітінді алып, сынауық түбінде кристалл шөгінділері түзілгенге дейін;
2) бір реттік мұздату әдісімен. Қан зертханаға алынған күні жеткізіледі. Сынауықтағы қанды 1-2 сағат бойы бөлме температурасында немесе 37°С термостатта алдын ала залалсыздандырылған пастер тамшуырымен қабаттарға бөліп алу арқылы тұндырады. Қойыртпақ ретракциясы дұрыс болуы үшін сынауықты 4°С тоңазытқышқа 1-2 сағатқа салып қояды немесе 10 минут бойыша 3000 айналым/минутпен немесе 20 минут 1500 айналым/минутпен центрифугалайды. Сарысуды залалсыздандырылған тамшуырмен залалсыздандырылған шыны сынауықтарға (ампула, шөлмек) немесе қақпағы бар “Эппендорф” типті полистиролдан жасалған микросынамаларға алады.
Қан сарысуын зерттеуге дейін тоңазытқышта 2-4 °С 4-6 күннен асырмай сақтау керек. Ұзақ уақыт сақтау қажет болған жағдайда (2 аптадан артық) қан сарысуын мұздатылған қалпында 20-25°С температурада сақтау керек, 70°С температураға дейін терең мұздатуға болады. Қан сарысуын 1 реттен артық мұздатып ерітуге болмайды. Қанды жаппай алған жағдайда , сарысуды зерттеуге дейін ұзақ уақыт сақтағанда сарысуды аса суық жағдайда -20-40° аспайтын температурада сақтау керек.
3.Үлгіні/материалды орау критерийлері
3.1 Барлық биологиялық материал зертханаға жұқпа таралуына жол бермеу үшін сақтық шараларын сақтай отырып жеткізіледі. Үлгіні алғашқы ыдысқа жинайды, бұл сынауық немесе құты болып табылады, одан кейін шашырауы немесе материалдың төгілуінің алдын алу үшін контейнер немесе су өткізбейтін қапшыққа салады және қосалқы құжатымен бірге термошабаданға салады. Термошабаданды зертханаға аузы жабылған қалпында жеткізеді.
3.2 Жаңа алынған қан және сарысу үлгілерін құрғақ залалсыздандырылған сынауықпен жеткізеді. Әрбір сарысу сынауығында оның номерін немесе жануардың атын, мал иесінің тегін көрсетеді, керісінше жағдайда сынауықтарды сәйкес жазбаның реттік номерімен номерлеуге болады. Сынамаларды екі дана сипаттамасымен жібереді (1.1. тармақшада көрсетілген жануарлардың барлық деректемелерін көрсетіп).
3.3 Сынамалары бар құтылар тұмшаланады, жануарлардың түрі, материалдың атауы мен саны, консервант, алынған уақыты және жөнелтушінің пошталық мекенжайы көрсетілген заттаңбалармен жабдықталады. Құтыларды мұзы бар немесе салқындатқышы бар контейнерлерге орналастырады және мөрленген түрде мүмкіндігінше қысқа мерзімде (іріктеу сәтінен бастап 48 сағаттан кешіктірмей) жеткізеді. Егер материалды 6-12 сағат ішінде жеткізуге болатын болса, оларды мұздату және сақтау қажет емес.
3.4 Бактериологиялық зерттеуге арналған материалдарды әрқайсысы пергамент қағазға жеке буып-түйеді және стерильді пакеттерге немесе құтыларға жібереді. Сынамалар тұмшаланады, жануарлардың түрі, материалдың атауы мен мөлшері, консервант, алынған уақыты және жөнелтушінің пошталық мекенжайы көрсетілген заттаңбалармен жабдықталады.
Қауіпті ауру болуы (маңқа, сібір жарасы, эмфизематозды карбункул, бруцеллез, мүйізді ірі қала мал обасы, шошқа обасы, құтырма) ықтимал материалды шыны ыдыспен жеткізген жағдайда, оларды міндетті түре металл контейнерлерге салып, аузын бекітеді немесе пломбалайды, одан кейін термошабаданға салады. Оның бетінде «Абайлаңыз шыны!» және «Жоғары!» жазбасы болуы керек.
4.Материалды/үлгіні тасымалдау критерийлері
4.1 Қан сарысуы үлгілерін зертханаға сынама алынған күні жібереді. Егер бұл мүмкін болмайтын болса, сарысу үлгілерін -20°С төмен емес температурада мұздатылады. Тұмшаланбаған сарысу алынған сәтінен бастап 6 күн ішінде пайдалануға жарамды болады, бұл үшін (4-8°С) суықта сақталуы керек. Лайланған, өсінділер өскен, гемолизденген сарысуларды зерттеуге болмайды. Материалды тек бір мәрте мұздатып-ерітуге болады. сарысу сарғыш мөлдір түсті, қоспасыз болуы керек. Сүтті жаңа алынған немесе тұмшаланған түрде жеткізеді. Сүт сынамаларын залалсыздандырылған және тығыз жабылған қаптамада 2-80С температурада тасымалдайды.
4.2 Молекулалық генетикалық зерттеулерге арналған материалдар зертханаға бір тәулік ішінде, 2-8°С температурада жеткізеді. Материалдарды минус 16°С аспайтын температурада 7 тәулік бойы сақтауға болады. 68°С аспайтын температурада ұзақ уақыт сақтауға жол беріледі. Жаңа алған қанды қатыруға болмайды!
- Сынамалардың жарамсыздығы критерийлері
5.1 Қаптаманың тұтастығы бұзылған және материал сәйкес емес ыдыста немесе шашырап, төгіліп жеткізілген.
5.2 Сынамалар таңбаланбаған немесе дербес номерлермен белгіленбеген. Қоршаған ортадан ластанған, ыдырау және шіру белгілері бар патологиялық материалдар.
5.3 Сарысу бөлінбей ұйып қалған қан сарысуы, гемолиздену қоспалары бар, ашық немесе қақпағы бүлінген сынауықтардағы материалдар.
5.4 Жаңа алынған қан – ұйып қалған, қоспалары бар, ашық немесе қақпағы бүлінген сынауықтардағы материалдар
5.5 Тасымалдау ережелерінің бұзылу белгілері бар патологиялық материалдар сынамалары.
Егер зертханада материалды ашқан кезде қосалқы құжаттардың сәйкес келмеуі немесе патологиялық материалдың бүлінуі анықталатын болса, міндетті түрде акті жасалып, оның көшірмесін тапсырыс берушіге жібереді.
Ауру түрлері бойынша материал түрлеріне қойылатын талаптар
1 кесте
Ауру атауы |
Зерттеу әдісі |
Зерттелетін материал атауы және қажетті сынама көлемі
|
Үлгіні/материалды тасымалдау критерийлері |
Үлгіні/материалды қаптау критерийлері |
Жылқы ЖАН
|
Серология |
жылқы қанының сарысуы немесе плазмасы 7-10 мл |
4.1. т. қар. |
3.2. т. қар. |
Ауески ауруы
|
Серология |
шошқа қанының сарысуы немесе плазмасы 7-10 мл |
4.1. т. қар. |
3.2. т. қар. |
Губка тәрізді энцефалопатия
|
Серология |
(МІМ) қанының сарысуы немесе плазмасы 7-10 мл |
4.1. т. қар. |
3.2. т. қар. |
Ринопневмония
|
Серология |
жылқы қанының сарысуы немесе плазмасы 7-10 мл |
4.1. т. қар. |
3.2. т. қар. |
Аусыл
|
Серология |
(МІМ, МҰМ) қанының сарысуы немесе плазмасы 7-10 мл және сүт үлгілері |
4.1. т. қар. |
3.2. т. қар. |
Молекулалық генетика |
Паренхималық мүшелер, күлдіреуік, мұрын қуысы немесе ауыз қуысы қырындылары. Жаңа алынған қан. Жаңа қанды 5-10 мл аспайтын антикоагулянты бар залалсыздандырылған сынауықта 5-10 мл көлемде алады. Ұлпалар мен мүшелер бөліктері өлшемі 1х1х1 см (кесек қалыңдығы кем болуы мүмкін) түрде залалсыздандырылған контейнерге салады. |
Материалдарды зертханаға алынған күні немесе келесі күні 2-8С температурада жеткізеді. |
Қан үшін бір реттік залалсыздандырылған сынауықтар, ұлпа және мүше бөліктері үшін залалсыздандырылған контейнерлер. |
|
Хламидиоз
|
Серология |
(МІМ, жылқы, шошқа) қанының сарысуы немесе плазмасы 7-10 мл |
4.1. т. қар. |
3.2. т. қар. |
Молекулалық генетика |
Паренхиматоздық мүшелер, сперма, зәр, сілемейлі қабықша қырындысы, құс саңғырығы. Ұлпалар мен мүшелер бөліктері өлшемі 1х1х1 см түрде залалсыздандырылған контейнерге салады.Сұйықтықтарды 20 мл көлемде залалсыздандырылған сынауыққа алады. |
Материалдарды зертханаға алынған күні немесе келесі күні 2-8С температурада жеткізеді. Материалдарды минус 16 С аспайтын температурада 30 күн бойы сақтауға болады. Зәр сынамасын сол күні жеткізу керек
|
Сұйықтықтар үшін бір реттік залалсыздандырылған сынауық, ұлпа және мүше бөліктері үшін залалсыздандырылған контейнер. |
|
Ет қоректілер обасы
|
Серология |
Шайындылар, қан сарысуы, жануарлардың бас миы |
Сынаманы талдау үшін конъюнктивальді және назальді шайындылар, дефибринделген қан немесе бас миы бөлігі |
3.2., 3.3 т. қар |
Молекулалық генетика |
Паренхиматоздық мүшелер, нәжіс, жаңа алынған қан, қан плазмасы. Қанды 5 мл мөлшерде залалсызданырылған сынауықпен 3% ЭДТА ерітіндісімен 10:1 есебінен алады. Ұлпалар мен мүшелер бөліктері өлшемі 1х1х1 см түрде залалсыздандырылған контейнерге салады. Жұғынды мақта тампоны бар құрғақ залалсыздандырылған зондпен алады. |
Материалдарды зертханаға алынған күні немесе келесі күні 2-8С температурада жеткізеді. Материалдарды минус 16 С аспайтын температурада 7 күн бойы сақтауға болады. Материалды бір рет мұздатып, ерітуге болады. |
Қан үшін бір реттік залалсыздандырылған сынауықтар, ұлпа және мүше бөліктері үшін залалсыздандырылған контейнерлер. |
|
Классикалық шошқа обасы
|
Серология |
шошқалардың қан сарысуы қан плазмасы немесе ұлпалары 7-10 мл |
4.1. т. қар. |
3.2., 3.3.т. қар. |
Молекулалық генетика |
Паренхиматоздық мүшелер, қан, сарысу, қан плазмасы, жұғын, лимфа түйіндері. Қанды 5 мл мөлшерде залалсызданырылған сынауықпен 3% ЭДТА ерітіндісімен 10:1 есебінен алады. Ұлпалар мен мүшелер бөліктері өлшемі 1х1х1 см түрде залалсыздандырылған контейнерге салады. Лимфа түйіндерін тұтас алады.
|
4.2. т. қар. |
Қан үшін бір реттік залалсыздандырылған сынауықтар, ұлпа және мүше бөліктері үшін залалсыздандырылған контейнерлер. т.3.3. |
|
Африкалық шошқа обасы
|
Серология |
Паренхиматоздық мүшелер, қан, қан сарысуы немесе (7-10 мл) лимфа түйіндері |
4.1. т. қар. |
3.2., 3.3.т. қар. |
Молекулалық генетика |
Паренхиматоздық мүшелер, қан, сарысу, қан плазмасы, жұғын, лимфа түйіндері. Қанды 5 мл мөлшерде залалсызданырылған сынауықпен 3% ЭДТА ерітіндісімен 10:1 есебінен алады.Ұлпалар мен мүшелер бөліктері өлшемі 1х1х1 см түрде залалсыздандырылған контейнерге салады. Лимфа түйіндерін тұтас алады.
|
см п.4.2. |
Қан үшін бір реттік залалсыздандырылған сынауықтар, ұлпа және мүше бөліктері үшін залалсыздандырылған контейнерлер. т.3.3. |
|
Паратуберкулез
|
Серология |
сарысу немесе қан плазмасы (МІМ) 7-10 мл |
4.1. т. қар. |
3.2. т. қар. |
Молекулалық генетика |
Паренхиматоздық мүшелер, лимфа түйіндері, нәжіс, бөлінген дақылдар. Зерттеу үшін МІМ нәжісі 0,4-1 г мөлшерде қолданылады. Ұлпалар мен мүшелер бөліктері өлшемі 1х1х1 см түрде залалсыздандырылған контейнерге салады. |
Материалдарды зертханаға алынған күні немесе келесі күні 2-8С температурада жеткізеді. Материалдарды минус 16 С аспайтын температурада 30 күн бойы сақтауға болады. |
Ұлпа және мүше бөліктері, нәжіс үшін залалсыздандырылған сынауықтар, залалсыздандырылған контейнерлер, 3.3 т. |
|
Лейкоз
|
Серология |
(МІМ) сарысу немесе қан плазмасы (КРС) 7-10 мл және сүт үлгілері |
4.1. т. қар. |
2.1., 3.3. т. қар. |
Молекулалық генетика |
Жаңа алынған қан. Қанды 0,5-1 мл мөлшерде залалсызданырылған сынауықпен 3% ЭДТА ерітіндісімен 10:1 есебінен алады
|
Материалдарды зертханаға алған сәттен бастап 3 күннен кеш емес уақыт ішінде 2-8 °С температурада жеткізеді. |
Қан үшін бір реттік залалсыздандырылған сынауықтар. |
|
Құтырма, ИДАП, ИДАФ
|
Серология |
Ұсақ үй және жабайы жануарлардан— жаңа өлік немесе оның басы, ірі жануарлардан – басы немесе бас миы |
Аммонды мүйіз сынамасын (бірнеше кесек) және жұлын негізін алу керек, әр сынаманың жалпы салмағы 5-10г болуы тиіс. Ми сынамасын глицеринмен тұмшалап, «құтырма» белгісімен таңбалайды |
2.2., 3.3. т. қар. |
Молекулалық генетика |
Жануарлардың бас миы |
Материалдарды зертханаға алған сәттен бастап сол күн ішінде 2-8 °С температурада жеткізеді. |
Ұлпа және мүше бөліктері үшін залалсыздандырылған контейнерлер. т.3.3. |
|
МІМ жұқпалы ринотрахеиті
|
Серология |
сарысу немесе қан плазмасы (КРС) 7-10 мл |
4.1. т. қар. |
3.2. т. қар. |
Молекулалық генетика |
Ішкі паренхиматоздық мүшелер Мұрын қуысы және ауыз қуысы шайындылары. Жатыр шайындылары және препуция, лимфа түйіндері, сперма. Сперманы залалсыздандырылған сынауықта 2 мл мөлшерде алады. Ұлпалар мен мүшелер бөліктері өлшемі 1х1х1 см түрде залалсыздандырылған контейнерге салады. Лимфа түйіндерін тұтас алады. |
Материалдарды зертханаға алынған күні немесе келесі күні 2-8С температурада жеткізеді. Материалдарды минус 16 С аспайтын температурада 7 күн бойы сақтауға болады. Материалды бір рет мұздатып, ерітуге болады. |
Шайындылар мен спермалар үшін бір реттік залалсыздандырылған сынауықтар, ұлпа және мүше бөліктері үшін залалсыздандырылған контейнерлер. т.3.3. |
|
МІМ вирустық диареясы
|
Серология |
7-10 мл сарысу немесе қан плазмасы (КРС) |
4.1. т. қар. |
3.2. т. қар. |
Молекулалық генетика |
Ішкі паренхиматоздық мүшелер, нәжіс, жаңа алынған қан, сарысу, қан плазмасы, лимфа түйіндері. Қанды 0,5-1 мл мөлшерде залалсыздандырылған сынауықпен 3% ЭДТА ерітіндісімен 10:1 есебінен алады. Ұлпалар мен мүшелер бөліктері өлшемі 1х1х1 см түрде залалсыздандырылған контейнерге салады. Лимфа түйіндерін тұтас алады. |
4.2. т. қар. |
Қан үшін бір реттік залалсыздандырылған сынауықтар, ұлпа және мүше бөліктері үшін залалсыздандырылған контейнерлер. Нәжіс үшін бір реттік контейнерлер. |
|
Блутанг
|
Серология |
7-10 мл сарысу немесе қан плазмасы |
4.1. т. қар. |
3.2. т. қар. |
Молекулалық генетика |
Ішкі паренхиматоздық мүшелер, жаңа алынған қан. Қанды 0,5-1 мл мөлшерде залалсыздандырылған сынауықпен 3% ЭДТА ерітіндісімен 10:1 есебінен алады. Ұлпалар мен мүшелер бөліктері өлшемі 1х1х1 см түрде залалсыздандырылған контейнерге салады. |
Материалдарды зертханаға алынған күні немесе келесі күні 2-8С температурада жеткізеді. |
Қан үшін бір реттік залалсыздандырылған сынауықтар, ұлпа және мүше бөліктері үшін залалсыздандырылған контейнерлер. т.3.3. |
|
Шмаленберг ауруы
|
Серология |
7-10 мл сарысу немесе қан плазмасы |
4.1. т. қар. |
3.2. т. қар. |
Молекулалық генетика |
Бас миы, паренхиматоздық мүшелер, жаңа алынған қан. Қанды 0,5-1 мл мөлшерде залалсыздандырылған сынауықпен 3% ЭДТА ерітіндісімен 10:1 есебінен алады. Ұлпалар мен мүшелер бөліктері өлшемі 1х1х1 см түрде залалсыздандырылған контейнерге салады.
|
4.2. т.қар. |
Қан үшін бір реттік залалсыздандырылған сынауықтар, ұлпа және мүше бөліктері үшін залалсыздандырылған контейнерлер. т.3.3. |
|
МҰМ шешегі
|
Серология |
Мүше-ұлпа материалы немесе 7-10 мл тірі жануардың қан сарысуы |
Зерттеу үшін жібереді: алынған шешек зақымдалуы, ал өлген жануардан –зақымдалған тері бөлігі, зақымданған теріден алынған шешекті лимфа
|
3.2.,3.3. т. қар. |
Молекулалық генетика |
Қой, ешкілер терісінің қырындылары |
Материалдарды зертханаға алынған күні немесе келесі күні 2-8С температурада жеткізеді. |
Ұлпа және мүше бөліктері үшін залалсыздандырылған контейнерлер. т.3.3. |
|
Гамборо ауруы
|
Серология |
1-2 мл сарысу немесе қан плазмасы (құс) |
4.1. т. қар. |
3.2. т. қар. |
Ньюкасл ауруы |
Серология |
1-2 мл сарысу немесе қан плазмасы (құс) |
4.1. т. қар. |
3.2. т. қар. |
Молекулалық генетика |
Ауыз қуысы және клоака шайындылары, құстардың паренхиматоздық мүшелері, құс саңғырығы. Ұлпалар мен мүшелер бөліктері өлшемі 1х1х1 см (кесек қалыңдығы кем болуы мүмкін) түрде залалсыздандырылған контейнерге салады. 4-5 г саңғырықты залалсыздандырылған контейнерге салады. |
Материалдарды зертханаға алынған күні немесе келесі күні 2-8С температурада жеткізеді. |
Шайындылар үшін бір реттік залалсыздандырылған сынауықтар, ұлпа және мүше бөліктері үшін залалсыздандырылған контейнерлер |
|
Құс тұмауы
|
Серология |
1-2 мл сарысу немесе қан плазмасы (құс) |
4.1. т. қар. |
3.2. т. қар. |
Молекулалық генетика |
Ауыз қуысы және клоака шайындылары, құстардың паренхиматоздық мүшелері, құс саңғырығы. Ұлпалар мен мүшелер бөліктері өлшемі 1х1х1 см (кесек қалыңдығы кем болуы мүмкін) түрде залалсыздандырылған контейнерге салады. 4-5 г саңғырықты залалсыздандырылған контейнерге салады. |
Материалдарды зертханаға алынған күні немесе келесі күні 2-8С температурада жеткізеді. |
Шайындылар үшін бір реттік залалсыздандырылған сынауықтар, ұлпа және мүше бөліктері үшін залалсыздандырылған контейнерлер т. 3.3. |
|
Лептоспироз
|
Молекулалық генетика |
Жаңа алынған қан, паренхиматоздық мүшелер, бөлінген дақыл, зәр, ми. Қанды 5-10 мл мөлшерде залалсыздандырылған сынауықпен 6% ЭДТА ерітіндісімен 20:1 есебінен алады. Ұлпалар мен мүшелер бөліктері өлшемі 1х1х1 см түрде залалсыздандырылған контейнерге салады. |
Материалды зертханаға алынған күні немесе келесі күні жеткізеді. Материалды бір тәуліктен асырмай 2 С – 8 С температурада және минус 16 С температурада 7 күн сақтауға болады. Материалды бір рет мұздатып, ерітуге болады |
Қан үшін бір реттік залалсыздандырылған сынауықтар, ұлпа және мүше бөліктері үшін залалсыздандырылған контейнерлер. 3.2., 3.3. т. қар. |
Шошқалардың репродуктивті респираторлық синдромы
|
Молекулалық генетика |
Ішкі паренхиматоздық мүшелер, жаңа алынған қан. Қанды 5 мл мөлшерде залалсыздандырылған сынауықпен 3% ЭДТА ерітіндісімен 10:1 есебінен алады.Ұлпалар мен мүшелер бөліктері өлшемі 1х1х1 см түрде залалсыздандырылған контейнерге салады. Лимфа түйіндерін тұтас алады. |
4.2. т. қар. |
Қан үшін бір реттік залалсыздандырылған сынауықтар, ұлпа және мүше бөліктері үшін залалсыздандырылған контейнерлер. т.3.3. |
Бруцеллез
|
Серология |
7-10 мл сарысу немесе қан плазмасы (МІМ, МҰМ) және сүт үлгілері |
4.1. т. қар. |
3.2. т. қар. |
Молекулалық генетика |
Жаңа алынған жануар қаны, жануардың паренхиматоздық мүшелері, лимфа түйіндері, аборт ұрықтар, бөлінген дақыл. Зерттеуге арналған сұйықтықтар (қаннан басқа) 10-20 мл көлемінде алынады. Мүше ұлпаларынан өлшемі 1х1х1 см (кесек қалыңдығы кем болуы мүмкін) түрде залалсыздандырылған контейнерге салады. Лимфа түйіндерін тұтас алады. |
Материалды зертханаға алынған күні немесе келесі күні 2 С – 8 С температурада сақтап жеткізеді және минус 16 С температурада 30 күн (қаннан басқа) сақтауға болады. |
Қан үшін бір реттік залалсыздандырылған сынауықтар, ұлпа және мүше бөліктері үшін залалсыздандырылған контейнерлер. п.3.3. |
|
Бактериология |
-Сүт, сперма; -Түсік жасалған ұрық немесе оның бөлігі (асқазан, өкпе, көкбауыр) ұрық маңы сұйықтығы немесе қабықшасымен; – Жатыр түзілістері (жұғын); – Бурсит және абсцесс, гигрома құрамы; – Паренхиматоздық, жыныс органдары және лимфа түйіндері. |
Алынған сынамаларды зертханаға сол күні жібереді. Ол мүмкін болмаған жағдайда мұздатылған қалыпта немесе таза химиялық глицериннің 30%- сулы ерітіндісімен тұмшалап жібереді. |
3.2. т. қар.,3.4 қар. |
|
Листериоз
|
Молекулалық генетика |
Жаңа алынған қан, паренхиматоздық мүшелер, бөлінген дақыл. Қанды 5 мл мөлшерде залалсыздандырылған сынауықпен 3% ЭДТА ерітіндісімен 10:1 есебінен алады. Ұлпалар мен мүшелер бөліктері өлшемі 1х1х1 см түрде залалсыздандырылған контейнерге салады. |
Материалды зертханаға алынған күні немесе келесі күні жеткізеді. Материалды бір тәуліктен асырмай 2 С – 8 С температурада және минус 16 С температурада бір ай бойы сақтауға болады. Материалды бір рет мұздатып, ерітуге болады |
Қан үшін бір реттік залалсыздандырылған сынауықтар, ұлпа және мүше бөліктері үшін залалсыздандырылған контейнерлер. п.3.3. |
Бактериология |
Бактериялық зерттеуге жібереді: торайлардың жаңа өлікселері (өлгеннен кейін 24 сағаттан кеш емес) немесе паренхималық мүшелері мен басын; жылқы, ірі қара және қой өлекселерінен— бас миы және барлық паренхиматоздық мүшелер бөліктері. |
Алынған сынамаларды зертханаға сол күні жібереді. Ол мүмкін болмаған жағдайда таза химиялық глицериннің 30%- сулы ерітіндісімен тұмшалап жібереді. |
см. п.3.3.,3.4. |
|
Туберкулез
|
Молекулалық генетика |
Ауыз қуысы және мұрын қуысы шайындылары, жануарлардың паренхиматоздық мүшелері бөлінген дақыл, жаңа алынған қан, зәр, нәжіс. Жаңа қанды 5-10 мл көлемде антикоагулянты бар залалсыздандырылған сынамада алады. Мүшелер мен ұлпалардан өлшемі 1х1х1 см (кесек қалыңдығы кем болуы мүмкін) түрде залалсыздандырылған контейнерге салады. Лимфа түйіндерін тұтас алады. |
Материалды зертханаға алынған күні немесе келесі күні 2 С – 8 С температурада сақтап жеткізеді және минус 16 С температурада 30 күн (қаннан басқа) сақтауға болады. |
Қан үшін бір реттік залалсыздандырылған сынауықтар, ұлпа және мүше бөліктері үшін залалсыздандырылған контейнерлер. т.3.3. |
Бактериология |
Лимфа түйіндері және ішкі мүшелер (өкпе, бауыр, бүйрек). Құстардың тушалары (өлекселері) тұтастай. |
Алынған сынамаларды зертханаға сол күні жібереді. Ол мүмкін болмаған жағдайда мұздатылған қалыпта немесе таза химиялық глицериннің 30%- сулы ерітіндісімен тұмшалап жібереді. |
3.3., 3.4 т. қар. |
|
Сібір жарасы
|
Молекулалық генетика |
Паренхиматоздық мүшелер, лимфа түйіндері, топырақ, жануар жем-шөптері, жаңа алынған қан. Мүшелер мен ұлпалардың өлшемі 1х1х1 см (кесек қалыңдығы кем болуы мүмкін) түрдегі кесектерін залалсыздандырылған контейнерге салады |
Материалдарды зертханаға алынған күні немесе келесі күні 2-8С температурада жеткізеді. Минус 16 С температурада материалдарды сақтауға болады. Материалды бір рет мұздатып, ерітуге болады |
Қан үшін бір реттік залалсыздандырылған сынауықтар, ұлпа және мүше бөліктері үшін залалсыздандырылған контейнерлер, топырақ пен жем-шөп үшін бір реттік пластик ыдыс т.3.3. |
Бактериология |
Шошқалардың сібір жарасына күдік болғанда бактериологиялық зерттеу үшін ісінген дәнекер ұлпа бөліктері, жұтқыншақ лимфа түйіндері алынады. Жануарды сойған жағдайда паренхиматоздық мүшелер жіберіледі. Зертханаға жануарлардың құлағын жібереді. Құлаған өлексе қай жағымен жатса сол жағынан кесіп алады. Сібір жарасын зерттеу үшін теріден 5×5 см кесектерді преципитация реакциясына жбереді. |
Алынған сынамаларды зертханаға сол күні жібереді. Ол мүмкін болмаған жағдайда мұздатылған қалыпта немесе таза химиялық глицериннің 30%- сулы ерітіндісімен тұмшалап жібереді. |
3.3., 3.4 т. қар. |
|
Кампилобактериоз
|
Молекулалық генетика |
Паренхиматоздық мүшелер, аборт ұрық, сперма, нәжіс, жаңа алынған қан, сүт, сперма. Қанды 5-10 мл мөлшерде залалсыздандырылған сынауықпен 3% ЭДТА ерітіндісімен 10:1 есебінен алады. Ұлпалар мен мүшелер бөліктері өлшемі 1х1х1 см түрде залалсыздандырылған контейнерге салады. Сперманы 0,5 мл, ал сүтті -20 мл көлемде алады. |
4.2. т. қар. |
Сұйықтықтар үшін залалсыздандырыған сынауықтар, ұлпа және мүше бөліктері, нәжіс үшін залалсыздандырылған контейнерлер. т. 3.3. |
Бактериология |
а) сиыр, құнажын және саулықтардан: түсік ұрық (ұрық қабымен бірге тұтас немесе ірі ұрықтардан – асқазан, бауыр, көкбауыр, өкпе), плацент (немесе оның бөлігі), залалсыз алынған жатыр мойны сілемейі; б) қойлар мен бұқалардан: препуциальді сілемей, сперма және залалсыз алынған жыныс бездері секреті, алғаннан кейін 6 сағаттан кешіктірмей; в) диагностикалық мақсатта өлтірілген жануарлардан — қынап, жатыр, жамбас қуысындағы лимфа түйіндері. |
Ұрық пен оның мүшелерін, плацентаны неғұрлым қысқа мерзімде, түсіктен кейінгі алғашқы тәулікте жеткізеді. Материалды мұздатуға болады. |
3.3., 3.4 т. қар. |
|
Эмфизематоздық карбункул
|
Бактериология |
Бактериологиялық зерттеу үшін жануар өлекселерінен бауыр, көкбауыр, бүйрек және зақымдалған бұлшықет кесектерін жібереді.
|
Тұмшаланбаған немесе 30-40% глицерин ерітіндісімен тұмшаланған патологиялық материал жіберуге болады. Алынған сынамалар зертханаға жануар өлгеннен кейін 4 сағаттан кеш емес мерзімде, ал тұмшаланған жағдайда 1-2 тәулікте жеткізіледі. |
3.3., 3.4 т. қар. |
Қой браздоты
|
Бактериология |
Бактериологиялық зерттеулер үшін бауыр, көкбауыр, бұлшықет, тері асты жасушасы (ісік бар болса), ащы шек заты, ащы ішектің зақымдалған бөліктері, ұлтабар және жілік жіберіледі. Биологиялық зерттеуге материалдарды тек жаңа өлекседен ғана алады. |
Тұмшаланбаған немесе 30-40% глицерин ерітіндісімен тұмшаланған патологиялық материал жіберуге болады. Алынған сынамалар зертханаға жануар өлгеннен кейін 4 сағаттан кеш емес мерзімде, ал тұмшаланған жағдайда 1-2 тәулікте жеткізіледі. |
3.3., 3.4 т. қар. |
Жұқпалы қой энтеротоксемиясы
|
Бактериология |
Бактериологиялық және биологиялық зерттеу үшін ащы ішек бөлігін, перитонеальді сұйықтықты, мезентериальді лимфа түйіндерін, паренхиматозды мүшелерді жібереді. |
Тұмшаланбаған немесе 30-40% глицерин ерітіндісімен тұмшаланған патологиялық материал жіберуге болады. Алынған сынамалар зертханаға жануар өлгеннен кейін 4 сағаттан кеш емес мерзімде, ал тұмшаланған жағдайда 1-2 тәулікте жеткізіледі. |
3.3., 3.4 т. қар. |
Пастереллез
|
Бактериология |
Жүректегі қан (дәнекерленген тамшуырда), паренхиматозды мүшелер кесектері және жілік. |
Сынамаларды өлгеннен кейін 3-5 саға ішінде алу керек, жануар емделмеген болуы тиіс. Ол мүмкін болмаған жағдайда мұздатылған қалыпта немесе таза химиялық глицериннің 30%- сулы ерітіндісімен тұмшалап жеткізеді. Жілікті 5-10% формалин ерітіндісі сіңірілген дәкеге орайды. Ұсақ жануарлар өлекселерін тұтас жібереді. |
3.3., 3.4 т. қар. |
Стафилоккокоз
|
Бактериология |
Ұсақ жануарлардың жаңа өлекселері немесе паренхиматоздық мүшелері |
Алынған сынамаларды зертханаға сол күні жібереді. Ол мүмкін болмаған жағдайда мұздатылған қалыпта немесе таза химиялық глицериннің 30%- сулы ерітіндісімен тұмшалап жібереді. |
3.3., 3.4 т. қар. |
Сальмонеллез
|
Бактериология |
Ұсақ жануарлардың жаңа өлекселері немесе паренхиматоздық мүшелері (бауыр және өт қабы, лимфа түйіндері, көкбауыр, бүйрек), мезентериалды лимфа түйіндері, жілік, түсік жағдайында — ұрық маңы қабықшалары мен сұйықтығы бар ұрық. |
Алынған сынамаларды зертханаға сол күні жібереді. Ол мүмкін болмаған жағдайда мұздатылған қалыпта немесе таза химиялық глицериннің 30%- сулы ерітіндісімен тұмшалап жібереді. Емдеу жүргізілген материалдарды алуға болмайды. |
3.3., 3.4 т. қар. |
Колибактериоз
|
Бактериология |
Өлгеннен кейінгі диагностика үшін зертханаға жаңа өлексені немесе патологиялық материалды жібереді (жүрек, паренхиматоздық мүшелері, жілік, бас және мезентериальді лимфа түйіндері).
|
Алынған сынамаларды зертханаға сол күні жібереді 12 сағаттан кешіктірмей. Ол мүмкін болмаған жағдайда мұздатылған қалыпта немесе таза химиялық глицериннің 30%- сулы ерітіндісімен тұмшалап жібереді. Емдеу жүргізілген материалдарды алуға болмайды. |
3.3., 3.4 т. қар. |