Skip to content
Басты бет » ВҰРОАстана қаласындағы 7 маманы «Патогендігі ІІ топтағы инфекциялық аурулардың биоқаупсіздігі, эпизоотологиясы және микробиологиясы» сертификаттау курсын сәтті аяқтады.

ВҰРОАстана қаласындағы 7 маманы «Патогендігі ІІ топтағы инфекциялық аурулардың биоқаупсіздігі, эпизоотологиясы және микробиологиясы» сертификаттау курсын сәтті аяқтады.

  • by

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 мамырдағы № 122-VII ЗРК «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Заңының талаптарына сәйкес, ветеринарлық мамандар, оның ішінде аса қауіпті инфекциялық агенттермен жұмыс істейтін зертханалық қызметкерлер, биологиялық қауіпті агенттермен жұмыс істеуге рұқсат алу үшін сертификаттаудан өтуге міндетті.

Осы мақсатта Астана қаласының Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығының 7 қызметкері «Патогендігі ІІ топтағы инфекциялық аурулардың биоқаупсіздігі, эпизоотологиясы және микробиологиясы»  тақырыбында 21 кредит (630 сағат) көлемінде сертификатталған курс өтті. Курс келесі пәндерден тұрады:

  • Биологиялық қауіпсіздік және биологиялық қорғау мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу;
  • Биологиялық қауіпсіздік және биологиялық қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, алғашқы көмек көрсету;
  • Патогендігі ІІ топтағы аса қауіпті инфекциялардың эпидемиологиясы және микробиологиясы;
  • Дезинфекциялық іс-шаралар;
  • ГАЖ технология негіздері;
  • Аса қауіпті инфекциялардың зертханалық диагностикасы (практикалық сабақтар).

Оқуды аяқтағаннан кейін мамандарға куәліктер беріліп, «Патогендігі ІІ топтағы инфекциялық аурулардың биоқаупсіздігі, эпизоотологиясы және микробиологиясы» біліктілігі тағайындалды.     

                                                       

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *