
«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК-ның «Тағам өнімдерін талдау» зертханасының ұжымы «Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту» ғылым саласын жетілдіру басым бағыты бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі өткізген 2025–2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстың жеңімпазы атанды.
«Орталық Қазақстанның тамақ өнімдерінің ауыр металдарға мониторингі және ластану көздерін талдау» атты жобаның мақсаты – жануарлардан алынатын шикізаттардағы ауыр металдардың фондық мөлшерін және аймақтағы қоршаған ортаның ластаушы мүмкін көздерін анықтау болып табылады.
Жоба аясында өнімдер мен қоршаған орта компоненттерінен кешенді сынама алу, 12 ауыр металл тұздарымен ластануына ICP-MS әдісімен зертханалық талдау жүргізу, сондай-ақ ArcGIS жүйесін пайдаланып мәліметтерді картаға түсіру жоспарлануда. Бұл ең осал аумақтарды анықтап, халықтың денсаулығына қауіптерді бағалауға және ластауды азайту бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Орталық Қазақстан аумағындағы өндірістік шығарындылар мен экологиялық жүктемелерді талдау жүргізіледі. Жобаның нәтижелері халықаралық рецензияланған басылымдарда ғылыми мақалаларды жариялауға негіз болады.
Зертхананың жобаны жүзеге асыруға қатысуы тағам өнімдерінің қауіпсіздігін ұлттық мониторинг жүйесін нығайтуда маңызды қадам болып табылады. Алынған мәліметтер жануарлардан алынатын шикізаттардың сапасын бақылауды тиімді етуге және осы саладағы алдағы зерттеулер үшін ғылыми базаны қамтамасыз етуге ықпал етеді.