Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) 2023 жылға жоспарланған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асыру шеңбері MS ISO 37001:2016 талаптарына сәйкес келетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін әзірледі, енгізді және сертификаттады.
2023 жылдың желтоқсан айында Кәсіпорында CERT INTERNATIONAL s.r.o халықаралық сертификаттау органының сарапшы-аудиторларымен парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі) ISO 37001:2016 стандартының талаптарына сәйкестігіне сертификаттық аудит өтті.
Аудит нәтижелері бойынша Кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі MS ISO 37001:2016 талаптарына сәйкестігі анықталды және сертификаттау органы менеджмент жүйесінің MS ISO 37001:2016 талаптарына сәйкестік сертификаттарын Кәсіпорынға үш тілде беруді ұсынды. № ABMS-1280/A сәйкестік сертификаты халықаралық аккредиттелген сертификаттар базасында тіркелді (www.iafcertsearch.org).a