Ағымдағы жылдың 13-20 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы Ресей Федерациясы мен Латвия Республикасына жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамына Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық” ШЖҚ РМК, «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК, сондай-ақ Агроөнеркәсіптік кешендегі Экономикалық саясаттың талдау орталығының басшылығы мен мамандары кірді.
Осы сапар аясында тәжірибе алмасу мақсатында Владимир қаласындағы «Жануарлар денсаулығын қорғаудың федералды орталығы» федералды мемлекеттік бюджеттік мекемесіне (ФМБУ), Мәскеудегі «Жануарлар мен жемге арналған дәрілік заттардың сапасы мен стандарттау жөніндегі Бүкілресейлік мемлекеттік орталығы» (ВГНКИ) федералды мемлекеттік бюджеттік мекемесіне ФМБУ, сондай-ақ Латвияның Рига қаласындағы «BIOR» мемлекеттік ғылыми институтына мен «Азық-түлік және ветеринариялық қызметі» барды.
Бұл сапар азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы зертханалық жабдықтармен танысумен қатар, оны зертханалық тәжірибеге енгізуде құнды тәжірибе болды.
Сапар қорытындысы бойынша тамақ қауіпсіздігі бойынша зертханалық зерттеулер жүргізу, «Жануарлар мен жемге арналған дәрілік заттардың сапасы мен стандарттау жөніндегі Бүкілресейлік мемлекеттік орталығы» ФМБУ және «BIOR» провайдерлерінің зертханааралық салыстыру сынақтарын өткізу, сондай-ақ Қазақстан мамандары үшін оқытуды ұйымдастыру және ғылыми тағылымдамадан өту, өзара тәжірибелермен алмасу мақсатында меморандумға қол қою туралы шешімдер қабылданды.