Skip to content
Басты бет » Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық басшылығы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің 2-ші Агрофорумына қатысты

Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық басшылығы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің 2-ші Агрофорумына қатысты

  • by

Астана қаласында өткен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің 2-ші Агрофорумына Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталықтың бас директоры Мақсат Аманбекұлы Бердикулов, бас директордың орынбасары Руслан Насырович Куспеков, сондай-ақ Алматы филиалының директоры Қанат Абдибекович Қалқабаев қатысты.

Биылғы салалық мереке Мемлекет басшысының тікелей қатысуымен өтті. Президенттің аграрлық салаға назар аударуы ауыл шаруашылығының ұлттық экономика үшін маңызын айқын көрсетті. Салтанатты жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, аграрлық бизнестің өкілдері, еңбек озаттары және жас фермерлер қатысып, еңбегімен көзге түскен мамандар Президент қолынан мемлекеттік марапаттарға ие болды.

Форумда Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығының даму перспективалары, ауыл шаруашылылығы салаларының әсері және агроөнеркәсіп кешенінің экономиканы әртараптандырудағы рөлі туралы бірқатар маңызды тезистерді жариялады. Оның айтуынша, қуатты агроөнеркәсіп кешені — елдің азық-түлік қауіпсіздігінің, ауыл инфрақұрылымының дамуының және халықтың өмір сапасын арттырудың негізгі факторы.

Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік бастамаларды қолдап, ветеринариялық қауіпсіздікті күшейту және биологиялық бақылау жүйесін жетілдіру бағытында жұмыстарын жалғастырады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *