Skip to content
Басты бет » Ұйымның жабдықталуы туралы мәлімет

Ұйымның жабдықталуы туралы мәлімет

«ВҰРО» РМК зертханалық зерттеулерге арналған ең жаңа құралдармен және жабдықтармен жабдықталған:

– ИФТ жүргізу үшін жабдықтар жиынтығы – әртүрлі індеттің қоздырғыштарына антидене мен антигендерді анықтау үшін; 

– ПТР жүргізу үшін жабдықтар жиынтығы – індет қоздырғыштарының ДНҚ/РНҚ анықтауға, жем-шөп және тағамдық өнімдерде генетикалық модифицирленген участкілерінің ДНҚ анықтау;

– генетикалық анализатор:

– биоқауіпсіздігі (2 және 3 класс) ламинарлы шкафтар;

– бөліп алынған ДНҚ/РНҚ және микроорганизмдер штаммдарын сақтау үшін  -80оС төменгі температурадағы мұздатқыштар;

– полихлорланған дибензофурандар (ПХДФ) және дибензо-р-диоксиндерді (ПХДД) арнайы изомерлі анықтауға мүмкіндік беретін, Thermo Fisher Scientific, DFS жоғары ажыратымдылықты екі фокусты хроматография-масс-спектрометрі;

– 70 көрсеткіш бойынша токсикалық элементтердің бар екеніне зерттеу жүргізуге мүмкіндік беретін ICP/MS 7700, Agilent Technologies плазмамен индуктивті байланысқан масс-спектрометр;

– PowerPrep, FMS сынамаларды дайындаудың автоматтандырылған жүйесі (алу және тазарту);

Сондай ақ зертханалар қосымша құрылғылармен жабдықталған, мысалы биоанализатор, рН өлшегіштер, су ванналары, автоклавтар, автоматты дозаторлар, центрифугалар және т.б.