Skip to content
Басты бет » СТІТ 2025 жылғы қоғамдық талқылау хаттамасы

СТІТ 2025 жылғы қоғамдық талқылау хаттамасы

  • by

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны
қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін
ашық талқылау жөніндегі

ХАТТАМАСЫ

№01-02-2/18                                                                                     Күні: 12.06.2025 ж.

Отырыстың өткізілген орны мен уақыты:
Астана қаласы, Алматылық филиал онлайн қосылды, 2025 жылғы 12 маусым.

Қатысқандар:

Жұмыс тобының мүшелері: Бас директордың орынбасары, ҚР АШМ ВБҚК «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, соның ішінде Алматылық филиалдың құрылымдық бөлімшелері (онлайн қосылды).


СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі №4 үлгілік базалық бағыт (бұдан әрі – ҮББ-4) жобаларын іске асыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – СТІТ) нәтижелерін ашық талқылау өткізілуі тиіс.

Бұл талқылауға кәсіпорын қызметкерлері мен мүдделі тұлғалар қатыса алады.
2025 жылғы 29 мамырда кәсіпорынның ресми сайтында СТІТ нәтижелерін ашық талқылау туралы хабарландыру жарияланды, онда өткізу мерзімі, байланыс деректері және орны көрсетілді.

Алайда, заңды және жеке тұлғалар тарапынан қатысуға ниет білдірген ұсыныстар түскен жоқ.

Комплаенс-офицер Елжасова А.А. баяндағандай, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес, кәсіпорын қызметінде СТІТ келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  • кәсіпорын қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілерде, соның ішінде ішкі нормативтік құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Анализ келесі құжаттар негізінде жүргізілді:

  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі үлгілік қағидалар;
  • ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдар;
  • 2023 жылы бас директордың м.а. бекіткен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу» рәсімі (құжат коды: ДП ИЦ 02-33-2023).

Анализ жүргізу барысында объективтілік, шынайылық, ашықтық және жан-жақтылық қағидаттары басшылыққа алынды.

Жұмыс тобы анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ аналитикалық анықтама жобасына пікірлерін талқылады.

ҚОРЫТЫНДЫ:

  • Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелін жою жөнінде ұсыныс әзірленді;
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізімі айқындалды.

Аналитикалық анықтама СТІТ аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірілмей қол қойылады.
Одан к ейін 10 жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен алғышарттарын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *