Skip to content
Басты бет » Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде ветеринариялық денсаулық сақтаудың тұрақты жүйелері жөніндегі өңірлік семинар-форум өтуде

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде ветеринариялық денсаулық сақтаудың тұрақты жүйелері жөніндегі өңірлік семинар-форум өтуде

  • by

2025 жылғы 25 маусымда Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «Орталық Азиядағы өңірлік сын-қатерлер, халықаралық тәжірибе және стратегиялық үйлестіру» тақырыбындағы ветеринариялық денсаулық сақтаудың тұрақты жүйелері бойынша екі күндік өңірлік семинар-форум басталды.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің өкілдері, Қазақстан фермерлер қауымдастығы, Сейфуллин университетінің профессор-оқытушылар құрамы, Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының (ИАҚҰ) және Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын қорғау ұйымының (ДЖДҰ) сарапшылары, Өзбекстан Республикасының Ветеринария және мал шаруашылығын дамыту комитетінің қызметкерлері, Тәжікстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қырғызстанның А. Дүйшеев атындағы ветеринария ғылыми-зерттеу институты, Италияның Того Розати атындағы Умбрия және Марке зоопрофилактика институты, Түркияның Ауыл және орман шаруашылығы министрлігіне қарасты жануарлар денсаулығы және карантин департаментінің өкілдері, сондай-ақ «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК бас директоры Мақсат Аманбекұлы Бердіқұлов қатысуда.

Форум тақырыбы мемлекетіміз бен бүкіл әлем үшін аса маңызды. Бүгінде біз ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жануарлар денсаулығын қорғау және климаттың өзгеруі мен жаһандық нарықтардың өсіп келе жатқан ықпалы жағдайында агроөнеркәсіптік кешенді тиімді дамыту саласында күрделі сын-қатерлерге тап болып отырмыз. Сейфуллин университетінің Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымымен және Орталық Азия елдерінің жетекші ғылыми ұйымдарымен бірлескен жұмысының арқасында микробиология, биотехнология, өсімдіктерді қорғау және ветеринария саласында бірегей жобалар жүзеге асырылуда. Бұл ынтымақтастық тек ғылыми әлеуеттің артуына ғана емес, сонымен қатар ветеринария және мал шаруашылығы салаларына мамандар даярлауға арналған заманауи білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға да ықпал етуде.

Мақсат Аманбекұлы бұл бастамалар тек ғылыми әлеуетті арттырып қана қоймай, ветеринария мен мал шаруашылығы саласындағы кадрларды даярлау үшін заманауи білім беру бағдарламаларын әзірлеуге де мүмкіндік беретінін атап өтті.

Форум екі күнге созылады. Оның аясында сарапшылар өңірдегі ветеринариялық денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді, мамандар даярлаудың қазіргі заманғы тәсілдерін, сондай-ақ ұлттық және халықаралық ветеринариялық қызметтердің үлгілерін талқылайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *