«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) «Наурызнама» мерекесі тұжырымдамасы шеңберінде «Жаңашыр жүрек» республикалық акциясын өткізу бойынша 13 – 15 наурыз күндері қайырымдылық акцияларын өткізді.
Ағымдағы жылдың 13 наурыз күні Кәсіпорын мамандары «Наурызнама» мерекесі аясында өтіп жатқан «Жаңашыр жүрек» республикалық қайырымдылық акциясы шеңберінде панасыз жануарларға көмек көрсету тақырыбы аясында Астана қаласындағы Мұқанова көшесі 2/1 үйде орналасқан «СтопОтлов» қорына барды. Бұл күн қаңғыбас жануарларға қамқорлық көрсетуге арналды, оның ішінде азық-түлік және қажетті керек-жарақтарды жинау арқылы қолдау көрсетілді. Қорға бару жануарлардың жағдайын жақсартуға және олардың мәселелеріне қоғам назарын аударуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.
Кәсіпорын мамандары сапар барысында жиналған көмекті қорға табыстап, ұйым өкілдерімен жануарларды күту және оңалту мәселелерін талқылады. Әсіресе, зарарсыздандыру, вакцинация және ветеринариялық бақылау шараларының маңыздылығы атап өтілді, өйткені бұл шаралар қаңғыбас жануарлар арасында аурулардың таралуының алдын алуда шешуші рөл атқарады.
14 наурыз күні, Наурыз мерекесі қарсаңында, Кәсіпорын мамандары «Наурызнама» қайырымдылық бастамасына қатысып, жалғыз тұратын қарт адамға қолдау көрсетті. Ұжым мүшелері зейнеткердің ауласындағы қарды тазалап, олардың күнделікті өмірін жеңілдетуге көмектесті.
Бұл бастама үлкендерге деген құрмет пен жанашырлықтың айқын көрінісі болды. Қыс мезгілінде жиналған қар егде жастағы адамдар үшін үлкен қиындықтар тудыруы мүмкін, ал уақтылы көрсетілген көмек олардың тұрмысын әлдеқайда жеңілдетеді.
15 наурызда «Наурызнама» қайырымдылық акциясы аясында Кәсіпорын өмірлік қиын жағдайға тап болған үш отбасына көмек ұйымдастырды. Бас директордың тапсырмасы бойынша зертхана қызметкерлері мұқтаж жандарға азық-түлік, киім-кешек және қажетті заттарды тапсырды.
Бұл бастаманың басты мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету, сондай-ақ қоғамда өзара көмек пен жанашырлық мәдениетін дамыту. Әр отбасының қажеттіліктері ескеріліп, көмек барынша пайдалы әрі дер кезінде жеткізілді.
Наурыз – жақсылық пен бірліктің символы, ал айналадағы адамдарға қолдау көрсету – мерекенің маңызды дәстүрлерінің бірі. Бұл күні мұқтаж жандарға қамқорлық танытып, олардың жағдайына бей-жай қарамау аса маңызды. Мұндай игі істер тек көмек алушыларға ғана емес, өзгелерге де мейірімділікке шабыт береді.
Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық әлеуметтік жауапкершілікті жоғары қоя отырып, қайырымдылық шараларына белсенді түрде қатысады. «Наурызнама» – тек көктем мен жаңарудың мейрамы ғана емес, сонымен қатар жақсылық пен бірлікті нығайтатын ізгі амалдар кезеңі.

























