2023 жылы «ВҰРО» ШЖҚ РМК Астана қаласы және Алматы қаласы бойынша филиалының, Жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханалары (ЖАД) каприпокс вирусы, оның ішінде нодулярлық дерматит және қой мен ешкі шешегі антиденелерін серологиялық Иммундық ферменттік талдау (ИФТ) әдісін қолдана отырып, халықаралық зертхана аралық салыстыру сынақтарына (ХЗАС) қатысты. Бұл зертханааралық салыстырмалы зерттеулерді (ЗАСЗ) Бельгияның Брюссель қаласындағы «Sciensano» ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды. Институт каприпокс вирустары, аусыл, везикулярлық аурулар, шошқа обасы вирусы, құс тұмауы(оба, сібір жарасы, бруцеллез, туберкулез, туляремия) және басқа да жоғары патогенді бактериялық инфекциялар сияқты жануарлар ауруларын зерттейтін, Бельгияның ұлттық референттік зертханасы болып табылады.
“Sciensano” ғылыми – зерттеу институтының зерттеу қорытындысына сәйкес, ВБҰРО Астана қаласы және Алматы қаласындағы филиалының ЗАСЗ нәтижелері 100% сәйкес келді. Нәтиже қорытындысы зертхана сынақтары мен зертхана қызметкерлерінің жұмысының жоғары көрсеткіште екенін көрсетеді.