Skip to content
Басты бет » ҚР АШМ”НРЦВ” ШЖҚ РМК аусыл бойынша халықаралық зертханааралық салыстыру сынақтарына қатысуы.

ҚР АШМ”НРЦВ” ШЖҚ РМК аусыл бойынша халықаралық зертханааралық салыстыру сынақтарына қатысуы.

  • by

2023 жылы шілде-қазан айларында «ВҰРО» ШЖҚ РМК  Астана қаласы және Алматы қаласы бойынша филиалының, Жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханалары (ЖАД) аусылдың А,О және Азия-1 серотиптерінің  антиденелерін серологиялық иммундық ферменттік талдау (ИФТ) әдісін қолдана отырып,  халықаралық зертханааралық салыстыру сынақтарына (ХЗАС) қатысты. Бұл зертханааралық салыстырмалы зерттеулерді (ЗАСЗ)  Ресейдің Владимир қаласындағы«ВНИИЗЖ» ФГБУ аусыл бойынша Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (ДЖДҰ) референттік зертханасы ұйымдастырды.

«ВНИИЗЖ» ФГБУ аусыл бойынша ДЖДҰ референттік зертханасы зерттеу қорытындысына сәйкес, «ВҰРО» РМК Астана қаласы және Алматы қаласындағы  филиалының ЗАСЗ нәтижелері 100% сәйкес келді. Нәтиже қорытындысы зертхана сынақтары мен зертхана қызметкерлерінің жұмысының жоғары көрсеткіште екенін көрсетеді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *