16-18 қыркүйек аралығында Қазақстандағы ДДҰ ұлттық бюросы төрт министрлік мамандары үшін ElOS жүйесін қолдану бойынша оқыту семинарын ұйымдастырды. Семинардың мақсаты – халықтың денсаулығына төнетін қауіптерге дайындық пен жауапты жақсарту. Іс-шара ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Ұлттық қоғамдық денсаулық орталығының қолдауымен өтті.
Тренингті ДДҰ Еуропалық бюросының сарапшылары Карина Хундал мен Сара Абдулхади жүргізді. ElOS жүйесі денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайларды уақытылы анықтауға және қажетті қауіпсіздік шараларын қабылдауға көмектеседі.
Қазақстандағы ДДҰ ұлттық офисінің TJ бағдарламасының координаторы Бибигуль Аубакирова атап өткендей: “Қазіргі кездегі шақырулар жағдайында EIOS жүйесі тәуекелдерді уақытында анықтауға және тиісті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді. Қауіптерді ерте анықтау адамдардың денсаулығына келетін теріс салдарын едәуір азайтуға көмектеседі.”
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығының өкілі, ДИЗ зертханасының бас маманы Қуаныш Талғатұлы Ишжанов семинарға қатысып, тәуекелдер мониторингін және жауап шараларын жақсарту бойынша маңызды аспектілерді меңгерді. Бұл білімдер халық денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жұмысына пайдалы болады.
Семинарды қорытындылай келе, ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыс айтып, алынған білімдердің Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға оң әсер ететініне сенім білдірді. Барлық семинарға қатысушылар сертификаттармен марапатталды.


