Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Мал шаруашылығын, ветеринариялық бақылауды және саланы цифрландыруды дамыту» тақырыбында баяндама жасап, ветеринария саласындағы атқарылып жатқан іс-шараларға және осы саладағы өзекті мәселелерге тоқталды.
Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталықтың бас директоры Мақсат Бердіқұлов «Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК рөлі» тақырыбында баяндама жасап, орталықтың негізгі қызметтері туралы толық ақпарат берді. Баяндамада жануарлар мен адамдарға ортақ 45-тен астам аса қауіпті инфекцияларға референттік зерттеулер және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жануарлардан алынған шикізатты ластаушы заттарға мониторингтік бақылау тұрақты негізде жүргізілетіні туралы атап өтті. Сонымен қатар, ұсыныс ретінде Орталықтың Халықаралық талаптарына сай болуы және Еуропа елдерінің референс-зертханаларымен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін зертхананы үнемі модернизациялауды жүзеге асыру қажеттігін айтты.