Skip to content
Басты бет » Қазақстан Республикасының Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығына ФАО тарапынан генетикалық анализаторды салтанатты түрде табысталуы

Қазақстан Республикасының Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығына ФАО тарапынан генетикалық анализаторды салтанатты түрде табысталуы

  • by

2025 жылғы 23 маусым күні –Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) тарапынан Pandemic Fund жобасы аясында берілген заманауи SeqStudio Flex 8 генетикалық анализаторының салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ФАО-ның, Жануарлар денсаулығы дүниежүзілік ұйымының (ЖДЖҰ), Республикалық ветеринариялық зертхананың және Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталықтың өкілдері қатысты.

Ресми ашылу салтанаты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі А. Бердалин мен Қазақстандағы ФАО өкілдігінің құттықтау сөздерімен басталды. Кейін жабдыққа арналған сертификатты символикалық түрде табыстау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында келесі баяндамалар ұсынылды:

  • «Ветеринариялық генетикалық диагностиканың жаңа деңгейі: Қазақстандағы эпидемиологиялық мониторинг үшін SeqStudio Flex 8 анализаторының маңызы»,
  • «Pandemic Fund жобасы аясында зертханалық әлеуетті арттыру».

Сонымен қатар, қатысушыларға жаңа жабдықпен жұмыс істеуге арналған зертханалық алаң көрсетіліп, анализатордың мүмкіндіктері таныстырылды.

Анализатордың табысталуы – Қазақстанда ветеринариялық диагностика әлеуетін арттыру және жануарлардың трансшекаралық ауруларымен байланысты жаһандық сын-қатерлер жағдайында эпидемиологиялық қадағалауды күшейту бағытындағы маңызды қадам болып табылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *