Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің дамуына, халықтар арасындағы бірлік пен достықты нығайтуға, сондай-ақ қоғамдық қызметке белсене қатысқаны үшін бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім, ғылым, медицина, мәдениет, бизнес және мемлекеттік қызмет салаларының өкілдері еліміздің өркендеуіне қосқан жеке үлестері үшін мемлекеттік марапаттарға ие болды.
Жоғары атақтар мен мемлекеттік наградалар табысталды, олардың қатарында: «Қазақстанның Еңбек Ері», «Отан», «Барыс» I, II және III дәрежелі ордендері, «Парасат», «Достық» II дәрежелі ордендері, сондай-ақ «Құрмет», «Ел бірлігі», «Еңбек Даңқы» III дәрежелі ордендері және «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қазақстанның халық жазушысы», «Қазақстанның халық әртісі», «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» сияқты құрметті атақтар бар.
Сонымен қатар әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы Мемлекеттік сыйлықтар, сондай-ақ әскери ерлік үшін «Даңқ», «Айбын», «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» ордендері мен медальдері табысталды.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 21 қазандағы Жарлығына сәйкес, Карибаев Талғат Болатович, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкері, адал еңбегі мен ветеринария саласының дамуына қосқан зор үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Талғат Болатұлы Карибаев ветеринариялық қызмет жүйесінде 2002 жылдан бері еңбек етіп келеді. 20 жылдан астам уақыт бойы Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталығында қызмет атқарып, бүгінде жануарлар ауруларын диагностикалау зертханасының меңгерушісі қызметін атқарады. Ол өз саласының жоғары білікті маманы ретінде еліміздегі эпизоотиялық тұрақтылық жүйесін дамытуға, зертханалық диагностиканы жетілдіруге және Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айрықша үлес қосты.



