Skip to content
Басты бет » ФАО делегациясы Қазақстанның ветеринарлық қызметінің жағдайымен танысты

ФАО делегациясы Қазақстанның ветеринарлық қызметінің жағдайымен танысты

  • by

2025 жылғы 10-14 наурыз аралығында БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезге қарсы күресті техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға іс-сапармен келді.  Құрамына Еуропа мен Орталық Азиядағы ФАО аймақтық кеңсесінің сарапшылары — доктор Даниэль Бельтран-Алькрудо және Доктор Чему Бласко кіретін ФАО делегациясы елдегі бруцеллезге қарсы күрес стратегиясын жақсартуға бағытталған бірқатар негізгі іс-шараларға қатысты.

12 наурызда сарапшылар “Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық” (ВҰРО) ШЖҚ РМК-ға келді. Сапардың маңызды міндеттерінің бірі орталық мамандарымен бруцеллезді диагностикалаудың заманауи әдістерін, сондай-ақ қазіргі заманғы тәжірибені жақсарту мүмкіндіктерін талқылау болды. ФАО сарапшылары қазіргі заманғы молекулалық-биологиялық, серологиялық және бактериологиялық диагностикалау  әдістеріне  назар аудара отырып, консультациялар өткізді. Зертханалық диагностика саласындағы жаңа жетістіктерге және ветеринариялық практикаға инновациялық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды. Кеңестің маңызды аспектісі бруцеллезге қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастықты талқылау және зертхана мамандарын ДЖДСҰ ұсынылған зерттеу әдістеріне оқытуды, вакциналардың сапасын тексеруді және диагностикалық тест-жүйелерді ұсыну болды. Қатысушылар әртүрлі елдердің табысты тәжірибелерімен бөлісті, бұл серіктестік байланыстарды нығайтуға және құнды тәжірибе алмасуға ықпал етті. ФАО аймақтық кеңсесінің сарапшылары ВҰРО қызметкерлерінің мүмкіндіктері мен біліктілігін жоғары бағалады. 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *