2025 жылдың төртінші тоқсанында Астана және Алматы қаласының филиалы «ВҰРО» жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханасының мамандары бруцеллезге, атап айтқанда бруцеллезді диагностикалаудың серологиялық және молекулярлық биологиялық әдістеріне арналған Халықаралық зертханааралық салыстырмалы сынақтарға қатысып, сәтті аяқтады. Сынақтар иммуноферменттік талдау (ИФТ), роз-бенгал сынамасы (РБС), комплементті байланыстыру реакциясы (КБР) және полимераздық тізбекті реакция (ПТР) әдістерін қолдана отырып жүргізілді.
ХЗСС ұйымдастырушысы Италияның Терамо қаласындағы Бруцеллез бойынша референттік орталық Абруццо мен Молизе «Дж. Капорале» атындағы Эксперименттік зоопрофилактика институты (Istituto Zooprofilattico Sperimentale) болып табылады, сынақтар Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) қолдауымен өткізілді.
Ұсынылған есептің нәтижелері бойынша екі зертханада алынған нәтижелер мен қолданылатын барлық серологиялық және молекулалық биологиялық әдістер үшін күтілетін мәндер арасында 100% сәйкестігін көрсетті. Алынған нәтижелер зертхананың техникалық жарақтандырылуының жоғары деңгейін, мамандардың кәсіби біліктілігін және ВҰРО зертханасының бруцеллезді зертханалық диагностикалау саласындағы халықаралық талаптарға сәйкестігін растайды.

