Дүниежүзілік микробқа қарсы препараттардың төзімділік проблемасы туралы іс-шараларды арттыру апталығы шеңберінде “Бірыңғай денсаулық” негізінде ағымдағы жылдың 25 қарашасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы кеңсесі – “Ауыл партиясы” Республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ауылдық жерлерде азық-түлік қауіпсіздігі және зооноздарды алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге кәсіпорын бас директорының орынбасары – Куспеков Руслан Насырович, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, Денсаулық сақтау министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, жоғары оқу орындары мен фермерлік қауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында микробқа қарсы төзімділік саласындағы проблемалық мәселелер және азық-түлік қауіпсіздігі жүйесіне “Бірыңғай денсаулықты” енгізу мүмкіндіктері талқыланды.