Skip to content
Басты бет » Астанада зооноздық ауруларға ведомствоаралық ден қоюға арналған симуляциялық оқу-жаттығулар өтті

Астанада зооноздық ауруларға ведомствоаралық ден қоюға арналған симуляциялық оқу-жаттығулар өтті

  • by

2025 жылғы 9–10 қазанда Астанада «Бір денсаулық» тәсілін қолдана отырып, зооноздық аурулардың өршуіне ведомствоаралық үйлестіру мен ден қоюды бағалау бойынша кабинет түріндегі симуляциялық оқу-жаттығулар өткізілді.

Ұлттық ветеринариялық референттік орталықтан аталған оқу-жаттығуларға жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханасының бас маманы Ишжанов Қуаныш Талғатұлы қатысып, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және стандартты операциялық рәсімдерді (СОР) толықтыру мәселелерін талқылауға елеулі үлес қосты.

Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары қатысты.

Оқу-жаттығу барысында қатысушыларға аурудың пайда болу жағдайы ұсынылып, сегіз кезеңнен тұратын енгізбе сценарийлер кезең-кезеңімен берілді. Бұл түрлі ведомстволардың іс-қимылдарын үйлестіруді пысықтауға, ұсынылған стандартты операциялық рәсімдердің (СОР) күшті және әлсіз жақтарын айқындауға, сондай-ақ оларды жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік берді.

СОР Қазақстан үшін аса маңызды төрт ауруды қамтиды: Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы, бруцеллез, сібір жарасы және құтыру. Олардың негізгі мақсаты — жануарлардан адамға жұғатын инфекцияларды тиімді алдын алу, ерте анықтау, диагностика, бақылау және таратпау.

Оқу-жаттығулар «Бір денсаулық» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізілді. Бұл тұжырымдама адам денсаулығын, ветеринарияны және қоршаған ортаны қорғау жүйелерінің күш-жігерін біріктіруге бағытталған.

Іс-шара қорытындысы бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және СОР-ды тәжірибеге енгізуге қатысты ұсынымдар әзірленді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *