Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Алматы қаласында «Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» (ҚДСҰО) ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалының (СЭСжМҒПО) базасында Қазақстанның денсаулық сақтау, ветеринария және экология салалары үшін басым болып табылатын «Зертхана басшыларын/көшбасшыларын даярлау бойынша ұлттық бағдарлама (NLLP-2025)» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсанттарының үшінші шоғырын қорытындылау өтті.
Зертханалар денсаулық сақтау жүйесінде маңызды рөл атқарады, ауруларды анықтау, диагностика жасау, емдеу және бақылау бойынша маңызды ықпал етеді. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімді және тұрақты ұлттық зертханалық жүйелерін құру үшін ұзақ мерзімді даму мен жоғары білікті зертхана басшыларын даярлау қажет. Бұл мамандар зертханаларды тиімді басқарып, денсаулық сақтау жүйесінің әртүрлі деңгейлерінде өзара іс-қимыл жасай білуі тиіс, бұл өз кезегінде адамдардың, жануарлардың және қоршаған ортаның денсаулығын тиімді қорғауға ықпал етеді.
Курс барысында «Ветеринариялық зертханалардағы зертхана қызметінің менеджмент жүйесінің тиімділігін бақылаудың көрсеткіштер жүйесі» тақырыбындағы жобалық жұмысқа басты назар аударылды. Бұл жоба экологиялық және медициналық секторлар өкілдерімен тығыз ынтымақтастықта әзірленді, бұл өзара байланысқан әдіснаманы ескере отырып, зертхана қызметінің тиімділігін кешенді бағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Жобалық жұмысты қорғау ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, ҚР Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің өкілдері, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының, ДДСҰ Қазақстандағы елдік кеңсесінің және СДС өкілдерінің қатысуымен өтті. Курс аяқталғаннан кейін курстан өту бойынша сертификат және біліктілікті арттыру куәлігі берілді.


