Skip to content
Басты бет » Антимикробтық резистенттілік: сын-қатерлер, шешімдер және салааралық үйлестіру»

Антимикробтық резистенттілік: сын-қатерлер, шешімдер және салааралық үйлестіру»

  • by

«Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК «Азық-түлік өнімдерін талдау» зертханасының меңгерушісі А.С. Омарова және «Жұқпалы ауруларды диагностикалау» зертханасының бас маманы Д.А. Токаева, Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық фармакологтар мен фармацевтер кәсіби қауымдастығы, сондай-ақ ҚР АШМ ВБҚК-ның «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК өкілдерімен бірлесіп, антибиотиктерді дұрыс қолдануды насихаттауға арналған Дүниежүзілік апта аясында, «Қазақстан Республикасында 2023–2027 жылдарға арналған антимикробтық препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі шаралар туралы» Жол картасына сәйкес, 2025 жылғы 21 қарашада антимикробтық резистенттілікке (бұдан әрі – АМР) ведомствоаралық үйлестіру тобының отырысына қатысты.

Дөңгелек үстелде АМР бойынша негізгі проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды. Сондай-ақ 2026 жылға арналған Жол картасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарланды. Талқылау барысында АМР жаһандық денсаулық сақтау үшін, соның ішінде ветеринария және ауыл шаруашылығы салалары үшін ең күрделі қауіптердің бірі болып табылатыны атап өтілді. Қоздырғыштардың антибиотиктерге төзімділігінің артуы жануарларды емдеудің тиімділігінің төмендеуіне, экономикалық шығындарға және резистентті микроорганизмдердің адамға берілу қаупінің ұлғаюына алып келеді.

Денсаулық сақтау жүйесінде, ветеринарияда және агроөнеркәсіптік секторда антимикробтық резистенттілікті тежеу ғылыми инновацияларды, мониторинг жүйелерін дамытуды, антимикробтық препараттарды ұтымды қолдануды, биоқауіпсіздікті арттыруды және белсенді саларалық өзара іс-қимылды қамтитын кешенді тәсілді талап етеді.

Аталған шаралар резистентті патогендердің таралуын азайтуға, жануарлардан адамға резистентті микроорганизмдердің берілу қаупін төмендетуге және халықтың эпидемиологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Осылайша, антимикробтық резистенттілікке қарсы тұрудың тұрақты жүйесін қалыптастыру халықтың қоғамдық денсаулығын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау мен ветеринария жүйелерінің тұрақты дамуы үшін қажетті шарт болып табылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *