Алматы қаласында 2024 жылғы 24-28 маусымда ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының “Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы” ШЖҚ РМК филиалының тренинг орталығы базасында “Зертханалық қызметтегі сапаны басқару жүйесі” тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізілді.
Аталған тренингті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің “Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы” ШЖҚ РМК және Қазақстан Республикасындағы “Жергілікті денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы” USAID жобасы ұйымдастырып отыр.
Бағдарлама зертханалық қызметтер сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және зертханадағы сапаны басқару жүйесінде зерттеулердің оңтайлы нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған “Бірыңғай денсаулық” тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылады.
Семинарда зертханадағы сапа менеджменті жүйесін талдау мен басқарудың, биоқауіпсіздік пен биоқорғаныс, микробқа қарсы препараттарға төзімділіктің заманауи әдістері талқыланды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің фасилитаторы ретінде Алматы филиалының “Жұқпалы ауруларды диагностикалау” зертханасының бас маманы С. К. Самарханов қатысты.