ВҰРО сынамаларды ақылы қызметтерге қабылдау барысында қойылатын талаптар
– биоматериал үлгілері сәйкес аумақтағы мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектор қолы қойылған қосалқы құжаттары бар болған жағдайда қабылданады;
– сынамаларды тек мемлекеттік ветеринарлық қызметтер бөлімшелерінің өкілдерінен немесе сенімхаты бар болған жағдайда басқа да тұлғалардан ғана қабылдайды;
– Сынамаларды жеткізу үшін жауапкершілік зертхана қызметіне тапсырыс берушіге жүктеледі;
– Сынамаларды қабылдау бөлімі ақылы қызметтер тізіміне сәйкес сынақ әдісін таңдауды ұсынады.
-Тапсырыс беруші мен орындаушы арасында заң бөлімімен осы қызметтерді жүзеге асыру үшін келісім-шарт жасалады;
-Қызметтер ақысын төлеу қаржы бөлімі тапсырыс берушіге ақылы қызметтер бағамына сәйкес төлем шотын ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
-Сынамалар сынақ зертханасына зерттеуге келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін және зертханалық-диагностикалық зерттеулер қызметтеріне ақы төленгеннен кейін беріледі.
– Зертханалық-диагностикалық зерттеулер орындалғаннан кейін сынамалар мен ақпаратты қабылдау бөлімі орындалған жұмыстардың актісін бухгалтерияға ұсынады.
-Тапсырыс берушіге берілетін сынақ хаттамасы (ДП ИЦ НРЦВ 02-24-2020-15 формасы) талдау нәтижелері негізінде толтырылады ол жауапты тұлғаның, Бас директордың не бас директор орынбасарының қолымен беріледі және 04.04.2015 жылғы № 24/1 бұйрықтың негізінде “ВҰРО” РМК әзірлеген және бекіткен арнайы үшбұрышты мөрмен бекітіледі.
-Сынақ хаттамасы, талдау нәтижелері, тапсыру/қабылдау актісі екі данада жасалады.
-Қосымша келісім жасасқан жағдайда тапсырыс беруші биологиялық материал сынамасын алу және жеткізу талаптарына сәйкес сынамалардың қажетті мөлшерін жеткізуге міндетті болады.