Басты бет » Ағымдағы жылдың маусым айында ресми түрде бірнеше мерекелер пайда болды…

Ағымдағы жылдың маусым айында ресми түрде бірнеше мерекелер пайда болды…

Ағымдағы жылдың маусым айында ресми түрде бірнеше мерекелер пайда болды, тиісті бұйрық Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жарияланды. Сол мейрамдардың ішінде мал дәрігерлердің кәсіби мерекесі болып 10 шілде бекітілді. Осы мерекеге орай,  ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК бас директоры Бердіқұлов Мақсат Аманбекұлы профессор Айтжанов Батырбек Досхожаұлына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» ведомостволық медалін табыс етті.

        Медаль иегері Айтжанов Батырбек Досхожаұлы, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы мен Халықаралық  ақпараттандыру академияларының академигі, Қазақстан Республикасы журналисттер одағының мүшесі!

Айтжанов Батырбек Досхожаұлы 1973-1978 жылдары Еңбек Қызыл Ту Орденді Алматы зооинженерлік – малдәрігерлік институтын бітірген, ветеринария саласында 50 жылдан аса қызмет жасаған.

Профессор Айтжанов Б.Д. 150-ден астам ғылыми жұмыстардың авторы, оның ішінде 3 нормативті – техникалық құжат, 20 – оқулық пен оқу құралы, 20 – топалаң, қарасан, құтырық тәрізді стратегиялық маңызы бар ауруларға қарсы өндірістік негізде вакцина жасау технологиясы бойынша алынған патент, алдын патент және куәліктері бар.

Айтжанов Б.Д әр жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университеті ветеринария факультетінде доцент, профессор, кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

2014-2019 жылдары ҚР Ауылшаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК Алматы филиалының директоры болып қызмет атқарып, абыроймен зейнетке шықты.

Ғылым саласындағы жоғары деңгейі, біліктілігі, ғылыми – зерттеу жұмыстарындағы күрделі сұрақтарды шешудегі табандылығы, алға қойған мақсаттарды орындауда ғылыми мүмкіншіліктерді жұмылдыра білетін ұйымдастырушылық қасиеті оның республикамыздағы ветеринария қауымы арасындағы абыройы мен беделін қалыптастырды.

Бұл күнде Б.Д.Айтжанов бергенінен берері мол ғалым, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС-де бас ғылыми қызметкер болып жұмыс жасайды.

         Білім мен ғылым, өндіріс пен зертханалық зерттеу салаларында жұмыс жасап, артынан ерген шәкірттеріне, әріптестеріне Батырбек ағамыздың әлі де болса берері мол, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері»  медалі иесін тапқанына кәміл сенеміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.