Skip to content
Басты бет » АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы…

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы…

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) мен Колумбия университетінің ICAP орталығы бірлесіп эпидемиолог мамандарға арнап 20 – 24 мамыр аралығында Тбилиси қаласында «EpiTech: Далалық эпидемиология үшін деректерді жаңарту» тренинг-семинарын өткізді. Аталған тренинг-семинарға «Ветеринария бойынша Ұлттық референттік орталығы» ШЖҚ РМК Алматы филиалының «Жұқпалы ауруларды диагностикалау» зертханасының меңгерушісі Сүлейменов С.Т. қатысты.

Бұл тренингтің мақсаты эпидемиологтарды өз жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру үшін цифрлық құралдарды қолдануға үйрету болып табылады, бұл өз кезегінде Шығыс Еуропа және Орталық Азия өңірі елдерінде қоғамдық денсаулық сақтауды нығайтуға үлес қосады. Тренинг келесі бағдарлама бойынша өтті:

  1. Қоғамдық денсаулық сақтау және ветеринария саласы қызметкерлерінің ақпараттық технологиялар және R, ODK, GoData сияқты цифрлық құралдарды тиімді пайдалану саласындағы кәсібилігін арттыру.
  2. Қатысушылардың далалық эпидемиология практикасына заманауи цифрлық құралдарды енгізудің артықшылықтарын түсінуіне ықпал ету.
  3. Қатысушыларды деректерді жинау, талдау, визуализация және коммуникация сияқты мәселелерді шешу үшін нақты цифрлық құралдарды практикалық қолдануға үйрету.
  4. Тренинг барысында Rstudio бағдарламасы пайдалана отырып деректерді талдау, жиналған деректерді импорттау және экспорттау, оларды тазалау және құрылымын айқындау.
  5. Go.Data бағдарламасын пайдалана отырып ауруға ұшыраған әрбір жағдай бойынша байланысты тұлғаларды анықтау және оларды тұрақты дерек базасына енгізу.
  6. Деректерді талдау нәтижесі бойынша есептік құжаттарды дайындау,

Тренинг семинар нәтижесінде әрбір қатысушыға өз жұмысына қажетті немесе тұрақты пайдаланып жүрген дерек базасын қалыптастырып, талдау жүргізіп машықтануға және талдау нәтижесінің негізінде өз жұмыстарының сапасын одан әрі жақсарту мақсатында  өз басшылығына ұсыныстар дайындау жүктелді. Сонымен қатар тренингтен алынған білімдерін күнделікті өз жұмыстарына енгізуге және ветеринария саласы бойынша эпидемиологиялық қадағалау сапасын арттыруға атсалысуға насихатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *