Skip to content
Басты бет » Халықаралық серіктестік және бірлескен жобалар

Халықаралық серіктестік және бірлескен жобалар

«ВҰРО» РМК ғылыми жобалары және келісімдері

«ВҰРО» РМК әр түрлі ғылыми-зерттеу жобаларына тікелей  және Қазақстан мен басқа да мемлекеттердің ғылыми институттарымен серіктестікте белсене қатысқан.

  1. «Twinning lab» жобасы. Халықаралық жобалардың бірі, 2013-2015 жж аралығында «ВҰРО» РМК Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ХЭБ арасындағы ветеринария саласындағы серіктестік бағдарламасы туралы келісім негізінде Орта Азия аумағындағы бруцеллез бойынша ХЭБ халықаралық референтті зертханасы мәртебесін алу үшін үміткер ретінде қатысқан. Аталған келісім-шартқа 2012 жылғы 9-13 шілде аралығындағы ХЭБ бас директоры доктор Бернард Валлдың Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында қол қойылған.

Жоба 2013 жылғы желтоқсан айынан бастап ХЭБ жұмыс жасап тұрған халықаралық референтті зертханасы болып табылатын бруцеллез бойынша колаборатор зертханамен серіктестікте және аталған мәртебені иеленуге үміткер зертхана ретінде жұмысын бастаған және «Twinning lab» деген атаумен жұмыс жасап отыр.

Жобаны қаржыландыруды Халықаралық Эпизоотикалық бюро (ХЭБ) жүзеге асырады, Париж қ. Франция. Ол жоба мақсаттарына қол жеткізуге арналған реагенттер мен материалдарды жеткізуді және мамандардың Италияның Терамо қаласындағы Зоопрофилактика институтына оқуға жіберілуін қамтиды.

1.1 Жоба мақсаты  – «ВҰРО» РМК Орта Азия аумағындағы бруцеллез бойынша ХЭБ халықаралық референтті зертханасы мәртебесін алуы.

Аталған бағдарлама бойынша колаборатор Италия денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Терамо қ. Зоопрофилактика институты (IZSAM) болған, ол халықаралық тәжірибесі мол ғалымдар тобынан құралған. Институт (IZSAM) шет мемлекеттердің көптеген халықаралық институттарымен (90 астам мемлекет) және ДДҰ, ФАО және ХЭБ секілді халықаралық ұйымдармен серіктестікті жұмыс жасайды. Негізгі жобалық аумағы – Батыс Еуропа, Латын Америкасы, Африка және Азия. IZSAM институтының басты мақсаты – адамға жұғуының алдын алу мақсатында мал аурулары профилактикасы.

1.2 Жобаның міндеттері  – «ВҰРО» РМК қызметкерлерінің техникалық білім деңгейін арттыру, «ВҰРО» РМК және ҚР аумағында ХЭБ ұсынған әдістемелер мен стандарттарды енгізу; көпшілік қабылдаған халықаралық валидациялық үдерістерді қолдану арқылы ұлттық стандартты үлгілер (эталон) жинағын жасау әдістерін енгізу; ҚР және көршілес мемлекеттердің ветеринарлық зертханаларына семинар өткізу.

«ВҰРО» РМК қызметкерлерінің техникалық білім деңгейін арттыру міндеттерінде келесі қызметтер бойынша зертхана қызметкерлерін оқыту қамтылады:

– бруцеллездің серологиялық диагностикасы;

– бруцеллалар сипаттамасы және оқшаулау бойынша бактериологиялық үдерістер;

– бруцеллаларды сәйкестендірудің молекулалық құралдары;

– жануарлар бруцеллезінің індеттік жағдайы;

– нәтижелер сапасын бақылау;

– сынақ әдістерін және сынақ нәтижелерін тексеру;

– биологиялық қауіпсіздік бойынша үдерістер;

– оқыту тренингтері және басылымдар.

№ р/с

Шара атауы

Жүзеге асыру мерзімі

Қатысушылар

1.

2014 жылы желтоқсан айында өткізілген IZSAM ұйымдастырған серологиялық зерттеулер бойынша нәтижелер алу.

Нәтижелерді талдау.

Қаңтар

2015 ж.

ЖАД зертханасының серология бөлімінің мамандары

2.

MLVA талдау жүргізу мақсатында ВҰРО алған нәтижелерді салыстыру үшін бруцеллалар ДНҚ үлгілерін IZSAM жөнелту.

Ақпан 2015 ж.

Молекулалық биология бөлімінің мамандары

3.

Алынған білім негізінде бруцеллездің зертханалық зерттеулері бойынша семинар өткізу

24-26.02.2015 ж.

ШҚО, ОҚО, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл, Ақмола облыстарының «АВЕ» РМК 7 филиалының мамандары. «ҚазВҒЗИ» РМК бруцеллез бөлімінің мамандары

 

 

3.1

“Халықаралық стандарттар бойынша бруцеллез диагностикасының серологиялық әдістері” тақырыбында серология семинарын өткізу

3.2

 «ХЭБ ұсынған бруцеллезді бактериологиялық зерттеу әдісін енгізу» тақырыбында бактериология бойынша тренинг

3.3

 «Бруцеллаларды типтерге жіктеу, биотиптеу, бруцеллез диагностикасы бойынша молекулалық-биологиялық зерттеу әдістерін енгізу» тақырыбында молекулалық генетика бойынша тренинг

4.

Бруцеллез бойынша диагностикалық жұмыс –  ҚР аумағындағы патологиялық материал қан сарысуын жинау, таза дақылдарды бөліп алу, генотиптеу, салыстыру сынақтары.

ақпан-қыркүйек 2015 ж.

 «ВҰРО» РМК ЖАД зертханасы

5.

ҚР және көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан мемлекеттерінің ветеринарлық зертханалар мамандарына арналған IZSAM алған білім негізінде бруцеллезді зертханалық зерттеу бойынша семинар өткізу.

10-12.06.2015 ж.

Павлодар, СҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, БҚО «АВЕ» РМК 7 филиалының мамандары. «ҚазВҒЗИ» РМК бруцеллез бөлімінің мамандары

«АВЕ» РМК 7 филиалының мамандары. «ҚазВҒЗИ» РМК бруцеллез бөлімінің мамандары

 

5.1

“Халықаралық стандарттар бойынша бруцеллез диагностикасының серологиялық әдістері” тақырыбына серология семинарын өткізу

5.2

«ХЭБ ұсынған бруцеллезді бактериологиялық зерттеу әдісін енгізу» тақырыбында бактериология бойынша тренинг

5.3

«Бруцеллаларды типтерге жіктеу, биотиптеу, бруцеллез диагностикасы бойынша молекулалық-биологиялық зерттеу әдістерін енгізу» тақырыбында молекулалық генетика бойынша тренинг

5.4

«2014 жылғы ҚР бруцеллез бойынша эпизоотикалық жағдайын талдау» тақырыбында эпидемиология бойынша тренинг

6.

IZSAM сарапшыларының ВҰРО сапары барысында «Твининг лаб» жобасы нәтижелерін, алынған білім мен дағдыларды көрсетіп, аралық жұмыс аудитін жүргізу.

28 шілде -2 тамыз 2015 ж.

IZSAM аудиторларының келуі:

7.

IZSAM сарапшыларының ВҰРО сапары барысында «Твининг лаб» жобасы нәтижелерін, алынған білім мен дағдыларды көрсетіп, қорытынды аудитті жүргізу, үйлестіру жұмыстар бойынша есеп.

1-2 желтоқсан 2015 ж.

 

IZSAM аудиторларының және АҚШ АШМ сарапшы аудиторының келуі

8.

Бруцеллез бойынша қорытынды халықаралық семинар өткізу.  «Твининг лаб» жобасындағы жұмыс нәтижелері бойынша баяндамалар.

3-4 желтоқсан 2015 ж.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан ветеринарлық ұйымдарының мамандары, IZSAM институты сарапшы аудиторы, Италия, АҚШ АШМ сарапшы аудиторы шақырылған.

9.

Жоба шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы ХЭБ есеп беру

желтоқсан2015 ж.

IZSAM институты сарапшы аудиторы, Италия, АҚШ АШМ сарапшы аудиторы, «ВҰРО» РМК басшылығы

  1. CAP-3 жобасы.

2014-2015 жж ВҰРО РМК  «Акабане  және Шмалленберг ауруларын, қойлардың катаральді безгегін бақылау мақсатында пайдалану үшін мұрағатталған үлгілердің тұтастығы» тақырыбында САР-3 халықаралық жобасы өткізілді.

Аталған келісім «Технолоджи Менеджмент Кoмпани Инк.» (Technology Management Company Inc.) (бұдан әрі – «TMC») өкілдігі және «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК арасында жасалды.

2.1. Жобаға қысқаша шолу

АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіпті азайту агенттігінің биологиялық қауіпті азайту бағдарламасы (БҚАБ) шеңберінде (АҚШ ҚМ ҚАА) Қазақстанда Бірлескен биологиялық зерттеулер жобаларында (ББЗ) тасымалдаушылардың қосалқы ауруларын анықтау үшін молекулалық әдістер енгізілген, оның ішінде KZ-4, KZ-29, TAP-2, TAP-4 және қауіпті  биоагенттерді анықтау және әрекет ету бағдарламасы шеңберінде (ҚБАӘ) бақылау жүргізілген.  АҚШ ҚМ ҚАА Қазақстанда Алматы қаласында Қазақстан карантинді және зооноздық аурулар ғылыми орталығы (ҚКЗАҒО) жанындағы Орталық референтті зертхана (ОРЗ) құрылысын да қаржыландырады, мұнда 3 биоқауіпсіздік деңгейіндегі сертификатталған зертханалар (BSL-3) және аса қауіпті патогендер (АҚП) жинағын қорғауға арналған депозитарии болады. ОРЗ негізгі ұлттық диагностикалық және референттік мекеме болады, мұнда заманауи (иммундық талдау және генетика) диагностика, секвенирлеу және дәстүрлі микробиологиялық әдістер үйлесімді қолданылады. ОРЗ (САР) қызметі бойынша жобалар кестеге сәйкес ОРЗ пайдалануға берілгенге дейін аяқталуы керек болғандықтан САР зерттеулері ОРЗ жұмыс қалпына бірқалыпты ауыстыру үшін олқылықтарды анықтайды.

Аталған САР-3 зерттеуінде Қазақстанға ықпал етуі мүмкін сәйкес қа йта туындайтын жұқпаларды бақылауға арналған жақын уақытта дайындалған диагностикалық талдауларды пайдаланып, скринингке арналған сарысудың мұрағатталған үлігерін бағалауды қамтиды. Аталған зерттеу нәтижелері болашақта ауруларды бақылау, үлгілерді сақтау және биоқауіпсіздік бойынша институт үдерістерін дайындауға және нығайтуға мүмкіндік береді.

CAP-3 – бұл бір жылдық зерттеу, оған материалдар мен реагенттер бюджеті де жатқызылған.  Зерттеу жұмыстарын AECOM қолдауымен бір қазақстандық институттың «ВҰРО» РМК және АҚШ колабораторлары жүргізген. АҚШ жоба бойынша СБИ жобасымен айналысатын колабораторлары институт қатысушыларын қажетті талдауды енгізу және ерте кезеңдерде ауру қоздырғыштарын сәйкестендіру мақсатында бақылау жүйесін нығайтуды қарастырады.  Бұдан басқа, талап етілетін бастапқы мәліметтер әр түрлі институттардағы қолда бар тарихи мәліметтерді салыстыруға мүмкіндік береді және қоздырғыштар тудыратын түйткілдің нақты ауқымын анықтауға жағдай жасайды. Мұрағатталған үлгілердің кез келген ошағын сәйкестендіру үшін қажетті бақылау жүйесін нығайтуға баса назар аударылатын болады.

2.2. Ағымдағы өрлеу

Барлық зертханалық зерттеулер 2015 жылы мамыр айының соңында аяқталды. Бұдан басқа шілде айында CRWAD отырысына арналған тезистік баяндама дайындалып, АШҚ ҚМ ҚАА қарастыруға жіберілді; АҚШ ҚМ ҚАА пікірлері қайта редакцияланған баяндамаға қосылды. Жобаның өзі кестеге сәйкес 2015 жылы 2 қазанда аяқталды. Аталған баяндама және зерттеу нәтижелері туралы есеп бойынша  CRWAD (Чикаго, 6-8 желтоқсан) халықаралық конференциясында тұсауы кесілген постер жасалған.

  1. ТАР-7 жобасы.

2015 жылы ВҰРО РМК «Қазақстан, Грузия, Армения және Украинада африкалық шошқа обасының (АШО) экологиясы мен эпидемиологиясын түсінуді тереңдету үшін халықпен ақпараттық-түсіндірме жұмыстар: оқыту және бақылау мен профилактика әдістерін жүзеге асыру» тақырыбында ТАР-7 халықаралық жобасы өткізілді. Аталған келісім «Технолоджи Менеджмент Кoмпани Инк.» (Technology Management Company Inc.) (бұдан әрі – «TMC») өкілдігі және «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК арасында жасалды.

3.1. Жобаға қысқаша шолу

Африкалық шошқа обасы (АШО) жұқтыру жағдайының профилактикасы және бвақылау саласында кешенді және тұрақты жұмыс үстіндегі білім желісінің, сарапшылардың және «ноу-хау» дамуы ҚБАӘ жұмыстары шеңберінде төрт мемлекеттің (Армения, Грузия, Қазақстан және Украина) күш жұмылдыруы негізінде ғылыми жұмыстардың жалпы жоспарында (А формасы) бірлескен қызмет негізінде жүзеге асырылған.

Білімдегі, заңнамадағы олқылықтар мен аурудың таралуына дайындықты анықтау қажеттілігі орын алған. Аталмыш патогеннің биологиялық лаңкестік әлеуеті жоғары болғандықтан және денсаулық сақтау мен ветеринария үшін маңызы зор болуы және/немесе экономикадағы тұрақсыздық себебі  болып табылатыны үшін АШО қаупі төнетін мемлекеттік үшін аса маңыздысы АШО бойынша жұмыс туралы денсаулық сақтау саласында халықаралық ұйымдарға ақпарат беру және жылдам анықтау мақсатында және вирустың таралуына қарсы шара қолдануды қамтамасыз ету үшін маңызды болады. Бұл жоба АШО қаупін азайту мүмкіндіктерін арттырып, анықталған кемшіліктердің шешімін табу  үшін қажетті адам ресурстары мен ветеринарлық жүйелерді анықтауға мүмкіндік береді.

3.2. Мақсаты: АШО туралы қоғамға ақпарат беруді арттыру үшін тұрақты жұмыс жасайтын кампанияны оқыту және жұмысын жүзеге асыру. Оның мақсаты:

3.3. Жобаны орындау

– АШО бойынша аймақтық бірлескен жұмыс топтары құрылды, оның құрамында Армения, Грузия, Қазақстан, Украина өкілдері және халықаралық ветеринария және азық-түлік бюроларының лауазымды тұлғалары болды.

– АШО таралуы мен азайтудың қажетті әдістерін тиімді жүзеге асыруы тиісті болған жұмыс топтары анықталды (МИО ветеринарлары, шошқа фермаларының жұмыскерлері, орманшылар,  тірі табиғат ресурстарын реттеу қызметтерінің басшылары).

– ҒАО және сарапшылармен серіктестік арқылы АШО таралу қаупі бар аудандар мен облыстардағы негізгі қызметкерлерге арналған оқу материалдары дайындалды және таратылды, сонымен қатар, МИО ветеринарлық қызметтерімен, шошқа фермасы жұмыскерлерімен, орманшылар және тірі табиғат ресурстарын реттеу қызметінің басшыларымен  семинарлар өткізіліп, қайта тексеру жүргізілді (1 сурет).

1 сурет – Қазақстан және Ресей аумағында АШО таралу қаупі бар аудандар

3.3.1. Қазақстан Республикасында семинарлар өткізу және үлестірме материалдар тарату:

– Батыс Қазақстан облысында 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Ресей Федерациясымен шекаралас немесе шошқа саны көп 7 ауданда барлығы 2800 үнпарақ пен 51 плакат таратылған.

– Ақтөбе облысында 2015 жылдың тамыз айынан бастап Ресей Федерациясымен шекаралас немесе шошқа саны көп 5 ауданда барлығы 320 үнпарақ пен 25 плакат таратылған

– Қостанай облысында Ресей Федерациясымен шекаралас немесе шошқа саны көп 5 ауданда барлығы 1170 үнпарақ пен 25 плакат таратылған

– Солтүстік Қазақстан облысында 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Ресей Федерациясымен шекаралас немесе шошқа саны көп 8 ауданда барлығы 3000 үнпарақ пен 75 плакат таратылған

  1. KZ-2 – «Оңтүстік-шығыс Қазақстандағы бруцеллез экологиясы және эпидемиологиясы»

Аталған бірлескен жобаға Америка тарапынан «Технолоджи Менеджмент Кoмпани Инк.» (Technology Management Company Inc.) (бұдан әрі – «TMC»), Қазақстан тарапынан ҚР АШМ ВБжҚК «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ММ, ҚР ДМ «Санитарлық эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығы» РМКК, ҚР ДМ «М.Айқымбаев атындағы карантинді және зооноздық жұқпалар қазақ ғылым орталығы» РМКК қатысты.

Жоба ұзақ мерзімді, ол 2 фазаға бөлінген, І фаза 2005-2009 жылдар аралығында жүзеге асырылған, ІІ фаза 2012 жылы басталып, 2014 жылы сәуірде аяқталды.

            Жобаны қаржыландыруды Америка тарабы жүзеге асырды, ол тікелей жұмыс жасаған мамандарға еңбек ақы төледі, реагенттер мен материалдарды жеткізді, халықаралық ғылыми конференцияларға, семинарлар мен тренингтерге қатысуды қамтамасыз етті.

«ВҰРО» РМК атынан жобаның ІІ фазасына  21 маман қатысқан.

Жобаның колабораторлары – АҚШ Уолтер Рид атындағы Құрлық әскері ғылыми-зерттеу институтының мамандары; АҚШ Техас ауыл шаруашылық механикалық институтының (TAMU)  мамандары, Луизиана штаты университетінің,  ветеринарлық ғылымдар кафедрасының, Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғаламдық ақпараттық жүйе және қашықтықтан радиолокацияны пайдалану бойынша серіктестік орталығының, Луизиана штаты университетінің география және антропология кафедрасының мамандары болды.

4.1. Жобаның негізгі мақсаттары: эпидемиологияның стандартты әдістерін енгізу және тиімді оқыту, оның ішінде ЭИСНЗ арқылы есеп беру жүйесі, ол ЖҚЖ және  TADR шеңберіндегі шараларды әрі қарай кіріктіру үшін қажет; qPCR талдауды оңтайландыру  және фаготиптеу секілді қосымша ғылыми әдістерді енгізу, бұл алдыңғы шаралардың реттілігін қамтамасыз етеді (мысалы, MLVA-8); институттарға ауру таралуы бойынша әрекет етуді күшейту мен адамдар мен жануарлардың ауруға жауап қайтаруын жақсарту үдерістерін әзірлеуге көмек көрсету; АҚЖ штаммаларын шоғырландыруды жеделдету және «КНЦКЗИ» РМКК базасында ОРЗ шеңберінде шаралар дайындау; ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында ЖҚЖ ағымдағы және болашақ жобаларын жүзеге асыру үшін сәйкес институттарда дағдылар мен негізгі ғылыми мүмкіндіктерді жетілдіру;  ауруларды бақылаудың бірыңғай жүйесін әзірлеу және енгізу, оны институттар өз мақсаттарына орай пайдаланады және осындай пайдалану нәтижелері жоғарыда айтылған сараптамалық бағалаудан өткен мақсаттарға сәйкес болады; халықаралық ғылыми қоғамдастықпен серіктестік және сырттан қосымша қаржы алуға бағытталған басқа да жұмыстар.

2014 жылы 15-26 сәуір аралығында Beckman CEQ генетикалық талдау жүйесінің көмегімен Brucella түрлеріне VNTR/MLVA талдау жасау бойынша ғылыми жұмыстар жалғасын тапты. СЭСМҒПО базасында коллабораторлар – доктор Николич және Хуангпен бірлесе отырып, жобаның 1 және 2 фазалары бойынша штаммаларды секвенирлеу бойынша негізгі зерттеулер жүргізілді және аяқталды.

2 фазада MLVA 15 енгізу бо йынша жұмыстар жүргізу барысында ВҰРО бірлесе отырып, СЭСМҒПО мамандары қатысты. Мультиплексті реакция 5 жұп, 3 жұп және 7 жұп праймерге жүргізілген.  АҚШ коллабораторларымен бірлесе отырып, бруцеллалардың медициналық және ветеринарлық изоляттары зерттелді және талдау жасалды. Барлығы мультиплексті реакция 15 праймерге жасалды, 2 фазада 67 медициналық изолят және 1 фазадан қалған 19 штамма және ветеринарлық изоляттар зерттелді.

СЭСМҒПО мамандары доктор Джейсон Блэкбурнмен бірге 2014 жылы 17-20 шілде аралығында ГАЖ бойынша жұмыстарды жалғастырды, географиялық деректерді картаға енгізді.

   Сонымен қатар, Астана қаласында ВҰРО базасында фаготиптеу бойынша тренинг өткізілді.

  1. ТАР-4 – «Қазақстандағы аусыл ауруын қадағалау мақсатында жұқпа жұқтырған және егілген (DIVA) жануарларды дифференциалдау тәсілін қолдану».

Аталған бірлескен жобаға Америка тарапынан келесі институт қатыстырылған: «Технолоджи Менеджмент Кoмпани Инк.» (Technology Management Company Inc.), Қазақстан тарапынан ҚР АШМ ВБжҚК «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК қатыстырылған.

Биологиялық қауіпті төмендету бағдарламасы шеңберінде  АҚШ ҚМ ҚАА  (БҚАБ) қауіпті биореагенттерді анықтау және әрекет ету жүйесін (ҚБАӘ) qПТР әдісімен аусылды анықтау және ИФА әдісімен сарысуды қолданып бақылаудан құралатын диагностикалық хаттамаларды қолдайды.

Аталған жобада аусылмен ауру жағдайларын бақылаудың маңызды аспектілерін қарастыру үшін, оның ішінде, жануарлар сарысуынан (NSP) құрылымдық емес ақуыздарды анықтау үшін Қазақстандағы ауру таралуы жағдайында жұқпа көрсеткіштері және геномдық реттілікті салыстыру үшін DIVA тәсілін (жұқпа жұқтырған және егілген жануарларды дифференициалдау) пайдалану ұсынылады.

Аусыл ауруы таралған аумақтан алынған деректер мен үлгілер, оның ішінде, Қазақстан Республикасындағы індет аумағындағы және аусыл таралмаған аумақтағы алынған сарысу үлгілері қолданылды.

Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2011 жылғы 1 қаңтар мен 2013 жылғы маусым аралығын қамтыды.

Аталмыш зерттеулер елдегі жалпы эпизоотикалық ахуалды анықтау және талдау үшін аса маңызды, себебі аусылға қарсы профилактикалық шараларды әрі қарай жүзеге асыру үшін жаңа ошақтарға мониторинг жүргізу керек. TAP -4 жобасы шеңберінде жұқпа жұқтырған және жұқпа жұқтырмаған жануарлардың антигендерін анықтау ықтималдығына салыстырмалы талдау жасалады.