2025 жылғы 12 ақпанда «Қазақстандағы антимикробтық препараттарға төзімділікті тежеу: жетістіктер, сын-тегеуріндер және ведомствоаралық ынтымақтастықтың келесі қадамдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл маңызды іс-шара антимикробтық препараттарға төзімділік (АПТ) мәселесімен күресу бойынша негізгі стратегияларды талқылау үшін мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың жетекші сарапшыларын жинады.
Дөңгелек үстел «Пандемиялармен күрес қоры (Қазақстан): Орталық Азияда „Бір денсаулық“ тәсіліне негізделген пандемияға дайындық және әрекет ету» жобасы аясында Пандемиялық қордың қолдауымен ұйымдастырылды. Оған ФАО, ДДҰ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, сондай-ақ салалық қауымдастықтар мен ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты.
Ветеринариялық бойынша ұлттық референттік орталықтан:
✅ Т. Карибаев – Жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханасының меңгерушісі;
✅ Ш. Тусупбекова – Жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханасының серология бөлімінің маманы;
✅ У. Жұмабаева – Тағам өнімдерін талдау зертханасының бас маманы қатысты.
Талқылау барысында Қазақстанда ветеринариядағы антимикробтық препараттарға төзімділікті бақылау саласындағы негізгі сын-қатерлер қарастырылып, оларды шешу жолдары ұсынылды. Эпидемиологиялық қадағалау бойынша пилоттық бағдарламаны әзірлеуге ерекше назар аударылды.
Қатысушылар жұмыстың негізгі бағыттарын, ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін және ұсынылған бастамаларды іске асыру үшін басым шараларды келісті. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Қазақстанның ветеринария саласындағы биологиялық қауіпсіздікті арттыруға және антимикробтық препараттарға төзімділікке байланысты қауіптерді азайтуға бағытталған нақты шешімдер қабылданды.


