Skip to content
Басты бет » 2025 жылдың 15 мамырында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК Алматы қаласындағы филиалына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Қ.Қ. Ташимов келді.

2025 жылдың 15 мамырында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК Алматы қаласындағы филиалына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Қ.Қ. Ташимов келді.

  • by

2025 жылдың 15 мамырында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК Алматы қаласындағы филиалына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Қ.Қ. Ташимов келді. Жұмыс сапары барысында төраға «Тағам өнімдерін талдау», «Сақталған микроорганизмдер штамдарының ұлттық коллекциясы», «Жұқпалы ауруларды диагностикалау» зертханаларымен танысты. Зертхана меңгерушілері 2025 жылға жоспарланған өндіріс бағыттары мен жұмыс көлемімен таныстырды. Сапар соңында Ташимов К.К. зертхана қызметкерлерімен кездесу өткізіп, онда «ВҰРО» Алматы филиалында жүргізілген зерттеулердің маңыздылығы, олардың сапасы, дәлдігі және жануарлардың құтыру ауруын диагностикалаудың өзектілігі туралы айтылды. Жануарлардың құтыру ауруының диагностикасына қатысты Ресей Федерациясының Владимир қаласындағы Бүкілресейлік жануарлар денсаулығы ғылыми-зерттеу институтының басшылығы мен ВҰРО бас директоры М.А.Бердіқұлов арасында орталық мамандарының біліктілігін арттыру туралы келісім жасалғанын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ВБжҚК төрағасы Ташимов Қ.Қ. «ВҰРО» жұмысына сәттілік тіледі.