2024 жылдың 15 – 16 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» Диагностикалық ауруларды диагностикалау зертханасының эпизоотиялық мониторинг бөлімінің бас маманы Қ.Т.Ишжанов, зоонозды ауруларға профилактика, бақылау және жауап беру бойынша халықаралық ынтымақтастықты және координацияны тексеруге арналған симуляциялық оқу-жаттығуларына қатысты, бұл оқулар «Біртұтас денсаулық» жобасы аясында өткізілді.
Семинарға мемлекеттік қызметкерлер, денсаулық сақтау, ветеринария, экология, жабайы табиғат бойынша сарапшылар, зертхана мамандары, ғылыми қауымдастықтың өкілдері және Қазақстандағы аса қауіпті аурулардың алдын алу және оларға қарсы күреске қатысатын басқа да мүдделі тараптар қатысты.
Симуляциялық оқу-жаттығулар барысында қатысушылар зоонозды ауруларға профилактика, бақылау және жауап беру бойынша дайындықты көтеру, ынтымақтастықты нығайту және адам денсаулығы мен ветеринария секторларында әлеуетті арттыруды Қазақстанда «Біртұтас денсаулық» концепциясын жүзеге асырудағы ерекше маңыздылығын атап өтті.
Симуляциялық жаттығу Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан «Бірыңғай денсаулық» жобасы аясында ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі қолдауымен ұйымдастырылғаны жайлы атап өткен жөн. Жоба Қазақстан Республикасының жануарлар мен халықтың денсаулығына төнетін қатерлердің алдын алу, ерте анықтау және қадағалау бойынша әлеуетін нығайту және арттыруда қолдау көрсетуге бағытталған.