Skip to content
Басты бет » 2023 жылғы 29-31 наурыз аралығында Алматы қаласында Орталық Азиядағы инфекциялық материалдарды тасымалдау туралы заңнама бойынша семинар өтті

2023 жылғы 29-31 наурыз аралығында Алматы қаласында Орталық Азиядағы инфекциялық материалдарды тасымалдау туралы заңнама бойынша семинар өтті

2023 жылғы 29-31 наурыз аралығында Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросы ұйымдастырған Орталық Азиядағы инфекциялық материалдарды тасымалдау туралы заңнама бойынша семинар өтті. Семинардың тақырыбы “Жұқпалы заттар мен ілеспе материалдарды тасымалдау саласындағы ұлттық заңнама бойынша жұмыс кеңесі”. Семинарда ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің “Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық” РМК Жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханасының меңгерушісі Талғат Болатұлы Кәрібаев баяндама жасады. Баяндамада Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі ДДҰ бағдарламасының жұмысына қатысатын Орталық Азия елдеріне көмек көрсету және елдер ішінде биологиялық үлгілерді тасымалдау тетіктерін жақсарту, сондай-ақ ақпарат алмасу, тиісті мемлекеттердің заңнамаларына әлеуетті түзетулер енгізуді талқылау есебінен импорт пен экспорт туралы өзекті мәселелер қозғалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *