Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық ШЖҚ РМК, Жұқпалы ауруларды диагностикалау зертханасының меңгерушісі Карибаев Т.Б, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің өкілі Егинбаев Е.Е. және РМҚ «Республикалық ветеринариялық зертхана» өкілі Шокубасов В.Б., Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) өңірі үшін ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына (ҰКО) қарсы күрес жөніндегі жол карталары және Батыс Еуразия өңірі үшін аусылға қарсы күрес жөніндегі жол карталары бойынша бірлескен отырысқа қатысты. Кездесу 2025 жылдың 11–13 қарашасы аралығында Тәжікстан Республикасы, Душанбе қаласында өтті.
Іс-шараны Азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі БҰҰ ұйымы (ФАО), Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (ВОЗЖ) және Еуропалық аусылға қарсы күрес комиссиясы (EuFMD) Тәжікстан Республикасының Азық-түлік қауіпсіздігі комитетінің қолдауымен және Еуропалық комиссияның қаржылық қолдауымен ұйымдастырды.
Сессиялар Еуропа үшін GF-TADs жаһандық бастамасы (трансшекаралық жануарлар ауруларын прогрессивті бақылауға арналған жаһандық бағдарлама) аясында өтті.
Отырыстың негізгі мақсаты – ЭЫҰ және Батыс Еуразия өңірлеріндегі елдердің ұсақ күйісті жануарлардың обасы мен аусылды бақылау бойынша тәсілдері мен іс-қимылдарын үйлестіру, сонымен қатар өзекті эпидемиологиялық қауіптерді, ресурстарды және ветеринариялық қызметтерді күшейту шараларын талқылау.
Ұйымдастырушылардан бөлек, жиынға келесі мемлекеттер қатысты: Армения, Әзербайжан, Грузия, Қырғызстан, Пәкістан, Сирия, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан.
Екі жол картасын бірлесіп қарастыру осы ауруларды ортақ ерекшеліктері мен сын-тегеуріндерін ескере отырып кешенді түрде талқылауға мүмкіндік берді.
Қазақстан Азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі БҰҰ (ФАО) – Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы бірлескен миссияларын кеңейту туралы ұсынысты қолдады, атап айтқанда ветеринариялық қызметтердің жағдайын және жол карталарының орындалуын бағалау бағытында.
Қазақстан трансшекаралық жануарлар ауруларын біріктірілген басқаруға бағытталған GF-TADs пилоттық жобаларына қатысу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді.

