2025 жылғы 10 шілдеде Ветеринариялық қызметкер күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ветеринариялық қызметтің ел үшін стратегиялық маңызын атап өтіп, осы салада жемісті еңбек етіп жүрген қызметкерлерді арнайы марапаттады.
Аталған іс-шара аясында министрдің «Құрмет» грамотасымен – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК Алматы қаласындағы филиалдың «Жұқпалы ауруларды диагностикалау» зертханасының эпизоотиялық мониторинг бөлімінің бас маманы, ветеринария ғылымдарының кандидаты Майхин Қыдырбай Тажібайұлы марапатталды.
Сондай ақ, «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК–да қызметкерлерлерді құттықтау рәсімі өтті. Орталықтың бас директоры Мақсат Бердіқұлов ветеринария саласының қоғамдағы маңызды рөлін, биологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ерекше мәнін атап өтіп, бұл салада жұмыс істеу жоғары кәсібилік пен жауапкершілікті қажет ететінін жеткізді.
Салтанатты іс-шара барысында Орталықта қызмет атқарып жүрген 168 білікті маманның 25-не ведомстволық, Кәсіпорын бас директорының, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының марапаттары табысталды. Атап айтқанда:
7 қызметкер — Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Төрағасының грамотасымен;
6 қызметкер — Кәсіпорын бас директорының алғыс хатымен;
6 қызметкер — Ауыл шаруашылылығы қызеткерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен;
6 қызметкер — Ауыл шаруашылылығы қызеткерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.











